Басты бет

ПАЙДАЛАНУ КЕЛІСІМІ

1. Жалпы ережелер 

1.1. Тыйым салынады:

1.1.1. Сайтта дөрекі лексиканы, веб-сайттар, e-mail мекен-жайларын және т.б. тұратын атауларды (логин, ат), қолдарды пайдалануға тыйым салынады;
1.1.2. Әдейі жалған ақпарат  жариялауға тыйым салынады;
1.1.3. Балағат және/немесе дөрекі сөздерді (оның ішінде жасырын нысанда)  пайдалануға тыйым салынады; 
1.1.4. Тікелей немесе жанама түрде біреуге тіл тигізуге, қатысушыларға әдепсіздік көрсетуге және/немесе дөрекі сөйлеуге тыйым салынады;
1.1.5. ҚР қолданыстағы заңнамасын бұзатын хабарлама жазуғатыйым салынады; 
1.1.6. Ақпараттық-коммуникативтік алаң әкімшісінің арнайы рұқсатынсыз хабарламалар, қолдар немесе аватарларда кез келген тауарлар мен қызметтерді жарнамалауғатыйым салынады; 
1.1.7. Түрлі тарауларда бірдей тақырыптар немесе хабарламалар жасауға тыйым салынады; 
1.1.9. Жауаптары FAQ тақырыбында  берілген сұрақтармен тақырыптар жасауғатыйым салынады; 
1.1.10. Проблема немесе мәселенің мәнісін көрсетпейтін атаулармен жаңа тақырыптар жасауғатыйым салынады;
1.1.11. «Еркін тақырыптарға» әңгіме жүргізуге, Ақпараттық-коммуникативтік алаң деректеріне сәйкес емес тақырыптар жасауға немесе талқыланатын тақырыпқа (оффтопик) сәйкес келмейтін хабарламалар жіберуге тыйым салынады; Жеке блогты  толтырғанда Пайдаланушыға авторы ретінде танылмаған  өзге интернет-ресурстарда жарияланған ақпараттарды ұсынуға рұқсат етілмейді.
1.1.12. Лицензияланбаған коммерциялық бағдарламалық қамсыздандыруға (варез), оны бұзу (крактар) бағдарламаларына және кілттер генераторына, сондай-ақ авторлық құқықпен қорғалған материалдарға (кітаптар, музыка, бейне және басқалар) сілтемелерді жариялауғатыйым салынады;
1.1.13. Талқыланатын тақырып (флуд) контексінде нақты мағыналық жүктемеде болатын хабарламалар жасауғаТыйым салынады;
1.1.14. Әдейі жасалған қателерден тұратын хабарламалар жасауғатыйым салынады; 
1.1.15. Қолтаңбаларда форум тақырыбына жауап бермейтін сайттарға сілтемелер жасауғаТыйым салынады ;
5.1.16. Хабарламаларды БАС әріптермен немесе бас  немесе кіші әріпті араластырып жазуға («мЫнА тҮрДе»), назар аударту мақсатында  мәтінді жартылай майлы қаріппен, курсивпен, астын сызып ерекшелеуге, Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  стандартты хабарламасынан өзгешеленетін түспен, қаріппен, қаріп өлшемімен ерекшелеугетыйым салынады; 
5.1.17. Өз бетімен модератор болуға, атап айтқанда осы Ақпараттық-коммуникативтік алаңның модераторы болып табылмайтын Ақпараттық-коммуникативтік алаң қатысушысына тыйым салуға, басқа қатысушыларға ескерту жасауғаТыйым салынады; 
5.1.18. Модератор немесе әкімші жасаған жазаларды талқылауғатыйым салынады; 

 

1.2. Ұсынылмайды:

1.2.1. Транслитпен жазуұсынылмайды, өйткені бұл қалған қатысушылардың оқуына  ыңғайсыз.Әкімшілік пайдаланушылар үнемі транслитпен жазатын және ереженің осы тармағын елемейтін тақырыптарды  жабу құқығын өзінде қалдырады; 
1.2.2. Түрлі діни топтар өкілдерінің құндылықтарын бұзатын немесе тіл тигізетін аватарлар, қолтаңбалар мен хабарламалар жасауұсынылмайды. Әкімшілік мұндай хабарламаларды ескертусіз алып тастау құқығын өзінде қалдырады;
1.2.3. Тілдік тарауға сәйкес емес тілде қолтаңба жасауұсынылмайды. Орыс тілді форумды пайдаланушылар форумның қалған қатысушылары не жазып жатқанын түсінулері тиіс. Ағылшын және орыс тілдері халықаралық тілдер болып есептеледі. Әкімшілік Дербес хабарламалар арқылы пайдаланушыға хабарлағаннан кейін мұндай қолтаңбаларды алып тастау құқығын өзінде қалдырады;
1.2.4. Егер қойылған сұраққа жауап уақытылы  алынбаса, бұл тақырыпты бірнеше  рет көтеруұсынылмайды. Тақырыпты   "up" үлгісіндеі хабарламалармен бірнеше рет көтерген жағдайда, бұл бұзушылық секілді бағалануы мүмкін.

 

2. Құпиялық және дербес деректер 
2.1. Пайдаланушы Сайт Қызметтеріне қол жеткізуге олар пайдаланатын кез келген аккаунтпен байланысты парольдердің құпиялығын сақтау жауапкершілігінде болатынымен келіседі және түсінеді. 

2.2. Пайдаланушы аккаунтты пайдаланған кезде жасалған барлық әрекеттер үшін Сайт әкімшілігі алдында жауапкершілікте болады. 
2.3. Егер Пайдаланушыға оның паролін немесе аккаунтын кез келген рұқсатсыз пайдалану туралы белгілі болса, Пайдаланушы  бұл туралы    ҒЕЭКҚ-ға немесе   support@group-global.org  мекенжайы бойынша Сайт әкімшісіне дереу хабарлауы тиіс.
2.4. Сайт әкімшілігі Қазақстан Респубилкасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушылар туралы ақпараттар мен хабарламалардың құпиялығын сақтайды. 

2.5. Пайдаланушы еш жағдайда да Пайдаланушының дербес деректері үшінші тұлғаларға берілмейтін болғанда, маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін жалпылама түрде дербес ақпаратты пайдалануға келісімін береді. 

2.6. Ақпараттар мен материалдар жоғалғанын, сондай-ақ Интернетте Сайтқа қолжетімді екенін байқаған жағдайда, Пайдаланушы   ҒЕЭКҚ-ға немесе сайт әкімшісіне дереу хабарлауы тиіс. 

 

3. Форумда авторлық құқықтарды сақтау 
3.1. Құқықиесінің рұқсатынсыз Ақпараттық-коммуникативтік алаңда контент жариялауға тыйым салынады. Пайдаланушы тек өзінің  жеке мәтіндері мен файлдарын  ғана не құқықиесінің рұқсатымен орналастыруы тиіс. 
3.2. Ақпараттық-коммуникативтік алаңда жарияланым хабарламаларын модератор немесе әкімшілік алдын ала мақұлдамай, автоматты режимде болатындықтан, Ақпараттық-коммуникативтік алаңның Пайдаланушысы  осы келісімнің 6-т. 1 т.т. ол өзі бұзған жағдайда  авторлық құқықты бұзғаны үшін толық көлемде жауапкершілікте  болатынымен келіседі.

3.3. Әкімшіліктің жазбаша келісімінсіз www.group-global.org материалдарын пайдалануға тыйым салынады. 

 

4. Қосымша шарттар 
4.1. Пайдаланушы  ҒЕЭКҚ  сайт Қызметтерін пайдаланумен  немесе пайдалану мүмкін емес болуына байланысты  келтірілген кез келген шығын мен моральдық залалға жауапкершілікте болатынымен келіседі. 
4.2. Атап айтқанда, ҒЕЭКҚ төмендегілерге қандай да бір растау немесе кепілдіктер бермейді: 
- ұсынылатын ҒЕЭКҚ қызметтері Сіздің талаптарыңызға жауап беретініне; 
- Қызметтер үзіліп қалмайтынына, сізге қолайлы  уақытта әрқашан қолжетімді болатынына,  қауіпсіз болатынына немесе қателерге немесе жаңылысуға  немесе рұқсатсыз шабуылдарға ұшырамайтынына; 
- Қызметтерді пайдалану нәтижесінде Сіз алған кез келген ақпарат дәл және сенімді болатынына. 
4.3. ҒЕЭКҚ, өз тарапынан Сайттың үздіксіз және дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға, сондай-ақ пайдаланушы Профилін тіркегенде немесе пайдаланғанда туындаған техникалық немесе өзге проблемалар  пайда болған жағдайда Пайдаланушы сұратуына тез жауап беруге міндеттеледі. 

 

5. Тараптардың жауапкершілігі 
5.1. Ақпараттық-коммуникативтік алаңның қатысушысы ол Ақпараттық-коммуникативтік алаңға орналастырған кез келген ақпараттың мазмұны үшін, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін ақпарат үшін  толық көлемде жауапкершілікте болады. 
5.2. Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  әкімшілігі  Ақпараттық-коммуникативтік алаңның Қатысушысының  ақпараты және әрекетімен байланысты немесе Ақпараттық-коммуникативтік алаңның Қатысушысы тарапынан  Пайдалану келісімін бұзуға байланысты туындауы мүмкін, үшінші тұлғалардың кез келген талаптары бойынша жауапкершілікте болмайды. 
5.3. Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  әкімшілігі  Ақпараттық-коммуникативтік алаң  Қатысушысының хабарламаларындағы ақпарат жоғалған жағдайда жауапкершілікте болмайды. 
5.4. Әкімшілік жарнамаберушілер берген ақпаратқа жауапкершілікте болмайды. 
5.5. Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  әкімшілігі  Ақпараттық-коммуникативтік алаңды пайдалану  процесінде компьютерлік  жүйелердегі кез келген жаңылысулар, сондай-ақ Ақпараттық-коммуникативтік алаң қызметтерін ұсынғанда  жаңылысу үшін жауапкершілікте болмайды. 
5.6. Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  қатысушысы осы Ақпараттық-коммуникативтік алаңды  пайдаланумен байланысты барлық ықтимал тәуекелдерді дербес көтереді. Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  әкімшісі Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  қатысушысына оған қолданыстағы заңнама нормаларымен жүктелгендерден басқа ешқандай қосымша кепілдіктер бермейді.   

5.7. Қызметтерді пайдаланумен байланысты барлық әрекеттер Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы тиіс. 
5.8. Пайдалу келісімін бұзушылық жөніндегі барлық ықтимал кінә-талаптар мен даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормаларына сәйкес сотта қайта қарлауы мүмкін. 

 

6. Пайдалану Келісімінің әрекет ету мерзімі 
6.1. Пайдалану келісімі оны  Қатысушысы онда тіркеу арқылы Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  сайтында акцептеген сәттен бастап күшіне енеді. 
6.2. Әр тарап кез келген сәтте біржақты тәртіпте Пайдалану келісімін бұзуға құқылы. 
6.3. Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  әкімшілігі  біржақты тәртіпте Пайдалану келісімінің мазмұнын өзгертуге құқылы, бұл туралы Қатысушыға  өзгеріс енгізгеннен кейін үш күннен  кешіктірмей хабарлайды. Бұл жағдайда өзгерістер оларды Ақпараттық-коммуникативтік алаңда жариялаған күннен бастап жеті күн ішінде күшіне енеді. 

 

7. Қорытынды ережелер
7.1. Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  Қатысушысына осы Ақпараттық-коммуникативтік алаңды өтеусіз  беретіндіктен, Тұтынушылар құқықтары қорғау туралы нормалар осы Келісімге қолданыла алмайды. 
7.2. Осы Келісім өзара ынтымақтастық, жалдау туралы шарт немесе осы Келісімде тікелей көзделмеген кез келген басқа қатынастар туралы шарт болып табылмайды. 
7.3. Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  Қатысушысы осы Келісімде мазмұндалған Ақпараттық-коммуникативтік алаңды беру шарттарын бұзған жағдайда, Ақпараттық-коммуникативтік алаңның  әкімшілігі  тарапынан әрекетсіздік Ақпараттық-коммуникативтік алаң  әкімшілігінің кешірек қабылдануы мүмкін тиісті әрекеттерден бас тартуын білдірмейді.

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.