Басты бет

СЫДЫҚОВ ЕРЛАН БӘТТАШҰЛЫ - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті және академигі, Тарихшылар ұлттық конгресінің төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры – Сыдықов Ерлан Бәтташұлы 2015 жылы 15 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында G-Global тұлғасы болып табылады.

G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында интерақтивті онлайн-конференция басталды, оның барысында Е.Б. Сыдықов мырза аталған платформа қолданушыларының сұрақтарына жауап береді. Кез-келген ниет білдіруші Сыдықов Ерлан Бәтташұлына «G-Global тұлғасы» бөлімінде сұрақтарын қоя алады. 

Онлайн-конференцияның тақырыбы: «Жаңа индустриализация - Қазақстанның жаһандану жағдайынағы экономикалық өсуінің драйвері».

 Досье: Сыдықов Ерлан Бәтташұлы 1978 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және 2004 жылы Қазақ гуманитарлы-заң университетін тәмамдаған.

Жамбыл ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының Семейдегі филиалында КОКП тарихы және саяси экономия кафедрасында тағылымгер-зерттеуші,  ассистент, оқытушы, доцент, сырттай факультет деканының орынбасары, саяси тарих кафедрасының меңгерушісі, Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының коммерциялық және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша проректоры, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының мемлекеттік қызмет және кадр бөлімінің кеңесшісі, Семей мемлекеттік педагогикалық институты және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бастап қазірге дейін  - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетітің ректоры. 

Жалпы ректорлық өтілі – 20 жыл.

200-ден астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, 4 оқу құралының, 20-дан астам монографияның авторы.

Астана қалалық мәслихатының V шақырылымындағы депутаты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшесі, «Нұр Отан» Партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Еуразия экономикалық ғалымдар клубы» Қауымдастығының құрметті профессоры, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.

«Mangi El» халықаралық ғылыми-танымдық тарих журналының бас редакторы, «Халық тарих толқынында» ғылыми мақалалар жинағының жоба жетекшісі-бас редакторы, «Мир Гумилева» және «Вопросы Евразийства» серия кітаптарының бас редакторы,  «Гуманитарные науки Сибири» бүкілресейлік ғылыми журналының редакциялық кеңес мүшесі. 2015 жылдан бастап Еуразия университеттері Ассоциациясының  Вице-президенті, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің төрағасы. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.       

«Қазақстан Республикасының Құрметті білім қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Парасат» орденімен және 5 мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Бүгінде Сыдықов Ерлан Бәтташұлы жетекші білім және ғылым орталығы болып табылатын және халықаралық және ұлттық рейтингтерде көшбасшы орындарды сақтай отырып, мемлекеттің зиялы қауымын қалыптастыратын халықаралық деңгейдегі университетке жетекшілік етуде.

БСҚТ Қазақстандық рейтингтік агенттігінде бірнеше жыл қатарынан көшбасшылық позицияны сақтап келе жатқан  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не «Ұлттық бірінші» термині берік бекіген. 2012 жылы елдің ең жоғарғы марапаты – ҚР Президентінің «Алтын Сапа» премиясында «Қызмет көрсету саласындағы ең үздік кәсіпорын» номинациясын жеңді. 

 «G-Global тұлғасы» - G-Global ақпараттық-коммуникативтік интернет алаңындағы интерактивті онлайн-конференция. Эксперттер мен әлемдік танымал тұлғалар онлайн режимде www.group-global.org порталының қолданушыларына кеңес береді және сұрақтарына жауап береді. Талқылауға барлық ниет білдірушілер қатыса алады.   

Пікірлер 266 Пікір қосу
02.10.2015 21:23:51
Құрметті Ерлан Батташұлы сіз университет және кәсіпорындари арасындағы ғылыми зерттеу ынтымақтастығын құрудың маңызы қандай деп ойласыз?
02.10.2015 21:53:41
Құрметті Ерлан Бәтташұлы сіз университет аясында "Инновациялық білім беру" және "Білім экономикасының" перспективасын қалай көресіз?Рахмет
03.10.2015 02:23:24
Құрметті Ерлан Бәтташұлы, университет аясында инновациялық технопарк ашудың болашағы қандай ? Бұл жоғары технологиялармен және ғылымисыйымды өндіріспен айналысуға дайын жастардың көбеюіне өз ықпалын тигізе деп ойлайсыз ба? Рахмет
03.10.2015 02:44:53
Құрметті Ерлан Бәтташұлы, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы бұл тек қана тауарлардың бәсекелестігі емес, сонымен қатар қызметтің, білімнің, квалификацияның да бәсекелестігі. Осығын байланысты білім саласына қандай жаңа өзгерістер енгізу қажет деп ойлайсыз? Рахмет
07.10.2015 19:09:24
Қолданыстағы білім жүйесінің басты кемшілігі ретінде нені атар едіңіз?
08.10.2015 13:17:02
Құрметті Ерлан Батташұлы келешекте ақшаны қай валютада ұстаған дұрыс ? Теңгеде ма , долларда ма?
08.10.2015 13:56:38
Елбасымыз Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде ортақ валюта орнату туралы айтып кеткен болатын Сіздің осы туралы пікіріңіз қандай?
08.10.2015 18:43:14
Құрметті Ерлан Батташұлы, қазіргі таңда ел назарында жүрген Еуразялық экономикалық одақ бізге қаншалықты тиімді және бәсекеге қабілетті ғаламдық бірлестік болар деп ойлайсыз ба?
08.10.2015 18:43:30
Және одақ шеңберіндегі ортақ валюта қабылдау туралы не ойлайсыз?
08.10.2015 18:46:52
ҚР дамуына біздің университетіміздің қосатын үлесі қандай?
08.10.2015 20:14:39
Құрметті Ерлан Батташұлы, елімізде алда келе жатқан 5 дағдарыс жылында ПП құралым қолдау қандай әлеуметтік тетіктері қарастырылуда?
08.10.2015 20:18:34
Құрметті Ерлан Батташұлы, ҮЧИ Даму стратегиясы және алдағы мақсатында біздің университеттте басымдық негізде қандай мамандықтарды дайындау қарастырылуда?
08.10.2015 20:41:44
Құрметті Ерлан Батташұлы, сіз бала кезіңізде қандай мамандық иесі болуды армандадыңыз?
08.10.2015 21:59:01
1) Құрметті, Ерлан Батташұлы! Өзім экономист болғандықтан, қояр сауалым да экономика саласы бойынша болғалы тұр. Қазақстан Республикасының жалпы экономикалық жағдайын, қазіргі таңдағы экономикалық өзгерістер кезеңінде, қаншалықты деңгейде деп бағалайсыз және Еуразия Ұлттық Университетінің экономикалық проблемаларды шешудегі маңыздылығын айтып өтсеңіз, Ерлан Батташұлы! 2) Сіздің өмірде де, ғылым саласында да, басқа салаларда да көптеген жетістіктерге жеткеніңізді білеміз. Сондықтан да, болашақ мамандарға (студенттерге) қандай ақыл-кеңестер берер едіңіз?
08.10.2015 22:48:34
Қадірлі Ерлан Батташұлы осы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры болған сәттен бастап, алға қойған барлық ой-межелеріңізді жүзеге асыра алдыңызба?
08.10.2015 23:19:32
Құрметті Сыдықов Ерлан Батташұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Экономика факультетінің аясында «Еуразиялық Экономикалық Одақ» зерттеу институтын құру қажеттігі мен мүмкіндігі туралы пікіріңізді білгім келеді.
09.10.2015 00:15:19
Құрметті, Ерлан Батташұлы! Сіздің ойыңызша, сіздің осы өмірде қол жеткізген ең үлкен жетістігіңіз қандай?
09.10.2015 11:58:01
Қадірлі Ерлан Батташұлы ! Казiргi Қолданыстағы білім жүйесінің басты артыкшылыгы ретінде нені атар едіңіз? Рахмет
09.10.2015 13:12:12
Қадірлі Ерлан Бәтташұлы, алдағы уақытта ЕҰУ-нің білім жүйесінде қандай өзгерістер болуы мүмкін деп ойлайсыз?
09.10.2015 13:22:21
Құрметті, Ерлан Батташұлы!Сіздің ойыңызша,мұнайдың бағасының төмендеуінің ең басты себебі неде?
09.10.2015 13:31:50
- Құрметті Ерлан Батташұлы, Университет түлектерінің оқуды аяқтағаннан кейін жұмыска орналастыру қаншалықты деңгейде жүргізіліп жатыр?
09.10.2015 13:32:09
Білуімше, жақында сіз жылқының жаңа генетикалық түрінің авторы атандыңыз. Осы идея калай пайда болды және оның болашақтағы перспективасы қандай болмақ?
09.10.2015 13:32:42
- Құрметті Ерлан Батташұлы, Университет түлектерінің оқуды аяқтағаннан кейін жұмыска орналастыру қаншалықты деңгейде жүргізіліп жатыр?
09.10.2015 13:33:25
- Құрметті Ерлан Батташұлы, Университет түлектерінің оқуды аяқтағаннан кейін жұмыска орналастыру қаншалықты деңгейде жүргізіліп жатыр?
09.10.2015 19:23:39
Құрметті Ерлан Бәтташұлы, сіздің ойынызша қазіргі кезде доллардың бағасы 200-ден аз бола алады ма?
09.10.2015 21:04:22
Құрметті Ерлан Бәтташұлы, бүгінде еліміздің орта және жоғары білім беру салаларында реформалар жасау қалыпты әдетке айналып кеткендей. Сіздің ойыңызша, осы уақытқа дейін қабылданған реформалар өзінің оң нәтижелерін беріп жатыр ма, әлде теріс пе? Жалпы Қазақстанның білім беру жүйесіне көзқарасыңыз?
12.10.2015 21:47:51
Құрметті, Ерлан Бәтташұлы, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, өңірлерді дамытуға, республиканың өндірістік, ғылыми әлеуетін тиімді пайдалануға септігін тигізе ме?
12.10.2015 21:55:50
Құрметті, Ерлан Бәтташұлы, теңге девальвациясы ұлттық экономиканы, отандық өндірушілерді қорғау үшін жасалып, мемлекеттің алтынвалюталық қорын сақтап қалуға мүмкіндік береді деген пікірмен келісесіз бе? Рахмет
12.10.2015 22:05:45
Құрметті, Ерлан Бәтташұлы, теңге девальвациясы мемлкеттің қаржы жүйесін макроэкономикалық диспорциясына әкеліп соқпау үшін жасалды деген пікірге қалай қарайсыз? Жалпы сіздің теңге девальвациясы жайлы ойыңызды білгім келеді... Рахмет
13.10.2015 10:59:51
Ерлан Батташұлы, бірде Нобель сыйлығының лауреаты, әлемдік саясаттың патриархы Шимон Перест өз сөзінде: «Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – біздің заманымыздың ұлы құрылысшысы. Бұзу оңай, салу қиын. Оның құрылысын шынымен де ұлы деп атауға болады», - деп атап өткен еді. Қалай ойлайсыз, бұл пікірдің астарында жанама ой тұруы мүмкін бе?!
13.10.2015 15:52:55
Құрметті Ерлан Батташұлы! Сізге қояр сұрағым келесідей, Қазақстан Республикасындағы салық мәдениетін жақсарту мақсатында жасалып жатқан қандай іс-шаралар бар?
13.10.2015 16:05:29
Дағдарыс жағдайында әлсіз халықтың әлаухатын қорғауға мемлекет қандай шаралар жүргізуге қажет?
13.10.2015 16:14:43
Құрметті Ерлан Батташұлы, сіздің ойыңызша инвестициялық кезеңде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудағы мониторингілеу тәртібі нені ұсынады?
13.10.2015 16:22:10
Еліміздің дүниежүзілік сауда одағына мүше болуы Қазақстан Республикасына тигізер әсері қандай ?
13.10.2015 20:35:24
Құрметті Ерлан Батташұлы! Қазіргі елдегі болған оқиғаларға орай студенттердің стипендиясы көтеріледі ме? Қанша пайызға?
13.10.2015 20:40:14
Құрметті Ерлан Бəтташұлы! Қолданыстағы білім жүйесінің басты кемшілігі ретінде нені атар едіңіз?
13.10.2015 21:31:00
"Start up" жобасының оң нәтижелері бар ма?
14.10.2015 09:45:19
Құрметті Ерлан Бәтташұлы, Елордамызда жыл сайын өтетін Астана экономикалық форум аясында біздің университетіміз Нобель сыйлығының лауретаттарын шақырып, кездесу өткізіп отырады. Осы дәстүр алдағы жылдары жалғасын табады ма?
14.10.2015 16:16:52
Құрметті Ерлан Бәтташұлы, университетіміздің түлектерінің болашақтағы жоғарғы орындарда қаншалықты нәтиже корсете аалатындығына қандай баға бересіз?
14.10.2015 21:51:38
Қазіргі кезде студенттерге үлкен оқу және өмірлік тәжірибе беретін академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша басқа мемлекеттерге оқуға баруы актуальді болып табылады. Бірақ бағдарлама шарттарынан өтіп, грант иегері болу қиын, себебі бәсекелестік өте үлкен. Алдағы уақытта орындар саны көбейеді ме?
Ерлан Бәтташұлы,Қазақ xандығынык 550 жылдық мерей тойына университетіміздің атынан қандай үлес қостыңыз?
14.10.2015 22:10:04
Құрметті Ерлан Бәтташұлы, Қазақстанның "Жасыл Экономика"-ға көшуі,елдегі кедейлік деңгейіне, экономикалық өсім мен халықтың әлеуметтік жағдайына қаншалықты әсер етеді деп ойлайсыз?
14.10.2015 22:17:01
Ерлан Бәтташұлы, сонау Керей мен Жәнібек қалаған "Қазақ елінің" менталитетін жоғарылату үшін,жақында тойланған "Қазақ хандығының 550 жылдығы" секілді шараларды жиі өткізіп тұрған дұрыс деп ойлайсыз ба?
14.10.2015 22:21:26
Ерлан Бәтташұлы, елімізде "Жаңа Жібек Жолы"жобасын іске асыру мақсатында,қандай іс шаралар жүргізіліп жатыр?Рахмет
14.10.2015 22:29:45
Құрметті Ерлан Бәтташұлы! Жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін "Инновациялық тәсіл" бойынша оқытуға қалай қарайсыз? Ол әдістің артықшылықтары әрине көп, бірақ қандай кемшіліктері пайда болуы мүмкін?
14.10.2015 22:33:25
Құрметті Ерлан Батташұлы, осы күнге дейінгі қол жеткізген жетістіктеріңіздің құпиясы неде деп ойлайсыз? Оқу орындарын үздік бітіргеніңіз басты себеп деп ойлайсыз ба?
14.10.2015 22:34:51
Ерлан Батташұлы, академиялық мобильділікпен шет елде білім алу үшін жасалынған критерийлерді жеңілдетуге мүмкіндік бар ма?
14.10.2015 22:38:55
G-Global визуалды бағдарламасының бізге, яғни студенттерге қандай маңызы бар?
14.10.2015 22:58:34
Құрметті Ерлан Баттташұлы! Бүгінде қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр,дегенмен бұл қазақ хандыының тек 550 жылдық тарихы бар дегенді білдіреді деп ойламаймын,себебі біздің тарих сонау сақтардан бастау алады.Бұл мерейтой біздің тарихымыздың көрсеткіші деп ойлайсыз ба?
Құрметті ректор мырза! Алдағы уақытта студенттердің шәкіртақысы көтерілу жоспарда бар ма?

Беттер