Басты бет

Жоба туралы

Тарихы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыру мақсатында «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясы 2012 жылдың 12 қаңтарында www.group-global.org сайтында G-Global ақпараттық-коммуникативтік интернет алаңы форматында зияткерлік желісін іске қосты.

G-Global – бұл әлемнің сарапшылар қауымдастығына әлем экономикасы мәселелері жөнінде интерактивті, ашық және бұқаралық пікірталастар, пікірсайыстар жүргізуге жағдай жасайтын көпфункциялы платформа.

Жоба әлемдік қаржы дағдарысынан шығу механизмдерін талқылауға және жасауға бағытталған және дағдарысқа қарсы шешімдер іздеуге қатысушылар қатарын қарқынды кеңейтуге арналған.

G-Global-дың миссиясы

Әлем халықтарының бірыңғай және тең құқылы диалог жасауы арқылы әлем қауымдастығының жұмыс нәтижелілігін арттыру, зерттеулер жүргізу, мемлекеттік, қоғамдық, ақпараттық және бизнес құрылымдары ортасынан өкілдерді кеңінен тарту арқылы ұлттық экономикаларды және ғаламдық қауымдастықты дамытудың өзекті проблемалары мен бағыттары жөнінде ұсыныстар мен бағдарламалар құру және әзірлеу.

G-Global-дың мақсаттары мен міндеттері

Әлемнің сарапшылар қауымдастығына әлем экономикасы мәселелері жөнінде интерактивті, ашық және бұқаралық пікірталастар, пікірсайыстар жүргізуге жағдай жасау.

Әлемдік Дағдарысқа қарсы жоспар жобасын (әлемдік реформалар жоспарының жобасын) әзірлеу үшін үкіметтер, ірі халықаралық ұйымдар, ғылыми және іскери орталар өкілдерін біріктіру.

Әр түрлі халық топтары, әр түрлі сала өкілдері және билік деңгейлері арасында жедел түзімде аналитикалық материалдар, болжамдар және ұсыныстар орналастыру және алу арқылы пікір алмасу.

Бүкіл әлемнің сарапшылар ортасын төмендегілерді әзірлеу, одан әрі жетілдіру және шараларына баға беру және т.б. үшін on-line түзімде кеңінен пайдалану:

  • халықаралық валюта-қаржы жүйесін тұрақтандыру және қаржы нарықтарын реттеу;
  • негізінде жаңа класты ұлттықтан жоғары есеп айырысу-төлеу бірлігін (одан кейін валюта) енгізу;
  • бірінші кезекте ЕуроАтлантика мен Еуразия кеңістігінде ядролық қарусыз әлем құру, ғаламдық қауіпсіздікті нығайту;
  • мәдениеттер мен өркениеттер арасында диалог жасауды кеңейту, ғаламдық энергиялық-экологиялық даму тұжырымдамасын, соның ішінде қазақстандық «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыру.

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.