Басты бет /

Жаңалықтар

АМЕРИКАЛЫҚ САРАПШЫЛАР АЭФ-КЕ ҚАТЫСАДЫ

04 Мамыр 2018
97
0

Астана  кезекті рет жаһандық мәселелерді талқылауға және шешуге арналған сұхбат алаңына айналады. 17 мамырда басталатын Астана экономикалық форумына 5000-нан астам делегат қатысатынын растады. Global Challenges Summit тақырыбын таңдаған биылғы жиынның форматы да өзектілігі де өзгеше болмақ. Әлемнің әр түкпірінен келетін саясаткер мен бизнесмендер, ғалымдар, сарапшылар және белді экономистердің 500-ден астамы баяндама жасайды деп күтілуде. Басқосудың нәтижесі бойынша, әлемдік қауымдастық үшін ұсыныстар әзірлеп, әлемдік инвесторлардың қызығушылығын арттыру жоспары бар. Осы ретте, шетелдік сарапшылар әртүрлі елдерде жақтастары бар G-Global ақпараттық-коммуникативтік платформасының рөлін жоғары бағалады.

АЙЗЕК РЕШАД, САРАПШЫ /АҚШ/:  - G-Global мемлекетті және жеке секторларды біріктіру арқылы тамаша жұмыс істеп келеді. Жібек Жолын қайта жаңғыртуға үкіметтік емес ұйымдарды тартып отыр. Жаңа бастамаларды жүзеге асырып, жаңа технологияларды енгізі пжатыр. Америкалық ретінде, өзге елдермен технология алмасу үшін G-Global-мен қарым-қатынасымыз нығая берсін дегім келеді. Қазір шараға қызу дайындық  жүріп жатыр. Елордада 3 күн қатарынан өтетін Астана экономикалық форумы жайында ақпаратты арнайы сайттан білуге болады. Жаңартылған платформа 10 сәуірде іске қосылды. Осы уақыт аралығында 6 мың қолданушы тіркеліп, күнделікті кіріп қараушылардың саны 26 мыңға жетіп отыр. Сайтта форумда қаузалатын 11 түрлі тақырып пен оның қысқаша түсініктемесі, басқосудың бағдарламасы көрсетілген. Алдағы күндері парақшада мықты экономистер және сарапшылардың сұхбаттары жарияланады. Бастысы, кері байланыс жүйесі іске қосылған.

САМАЛ ЫБЫРАЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  - Тек сан жағынан ғана емес сапа жағынан да бақылап отырмыз. Өйткені бізге Франциядан, Ресейден, Қытайдан қатысамын деген адамдар тек фейсбук қана емес, ресми сайтқа жазып, өздерінің мәліметтерін беріп, тіркеуден өту деген сынды бірнеше хаттар түсіп жатыр. Осыған қарап отырып, шынымен де біздің кері байланыс орнатылғанын байқадық. Ал біз әр тілде жауап беруге тырысып жатырмыз. Бұл сайттың жұмысы келесі жылға дейін үздіксіз болады деп ойлаймын. 2008 жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатқан Астана экономикалық форумына бүгінге дейін жалпы саны 150 мемлекеттен 50 мың делегат қатысқан. Жиынға келе алмайтындар үшін биыл форумның ресми парақшасында және әлеуметтік желілерде барлық отырыстар тікелей трансляцияланады. Демек, үйде отырып-ақ, тегін қарауға мүмкіндік бар.

Қосымша ақпарат алу үшін: http://kazakh-tv.kz/kz/view/politics/page_193163_about-5000-delegates-will-take-part-in-aef-2018

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.