Басты бет /

Жаңалықтар

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА «ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКА ЛИДЕРЛЕРІНІҢ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

25 Сәуір 2017
79
1

 

2017 жылдың 28 сәуір күні Астана қаласында 200-ден астам қатысушыларды біріктіретін «Жасыл Қазақстан» атты «Жасыл» экономика көшбасшыларының  І Республикалық Форумы өтеді. Форум «жасыл» технологияларды пайдаланудың тиімділігі мен «жасыл» бизнесті жүргізу мәселелеріне қоғамдық көңілді аудару мақсатында «жасыл экономика» саласындағы жетістіктер көрсетілетін сарапшылық алаңға айналады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей «жасыл» бизнес экономикалық тұрғыда өте тиімді.

Форумның қонақтары ретінде ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктер мен водомстволар, даму институттарының, ғылыми және бизнес-қоғамдастықтардың, экологиялық және  үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері шақырылды.

Форум бағдарламасы төмендегіні қамтиды:

  1. «Online EXPO» республикалық байқауы жеңімпаздарын, ғалымдар мен инноваторлар көрмесін ұйымдастыру және өткізу.  «жасыл» технологиялар мен тәжірибиелер көрмесін ұйымдастыру;
  2.  «Жасыл баспасөз» республикалық байқауының жеңімпаздарын келесі бес номинация бойынша марапаттау –және «үздік телехабар»; «үздік телесюжет» «үздік радио бағдарлама»; «газеттегі үздік мақала»; «үздік Интернет-ресурстағы ақпарат». 
  3. Келесі үш номинация бойынша «жасыл» экономика саласында «Жасыл экономика үздіктері» номинанттарына дипломдар мен сыйлар тапсыру – «Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамытуға қосқан үлесі үшін»; «Жасыл» жобаларды сәтті жүзеге асырғаны үшін» және «Жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру мен алға жылжытудағы үздік тәжірибиелер үшін.

«Жасыл Қазақстан» атты «Жасыл» экономика көшбасшыларының                   І Республикалық Форумының ұйымдастырушысы: Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасының және «Жасыл Көпір» Серіктестік Бағдарламасының танылған қоғамдық провайдері – Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы.

Форумның стратегиялық серіктесі - G-Global халықаралық хатшылығы.

Форумның серіктестері – Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілі, БҰҰ Даму Бағдарламасы, «АлбаСтройДор» ЖШС.

Форум жайлы толық ақпарат www.greenkaz.org сайтында

__________________________________________________________________

Ақапараттық қолдау және іс-шараға қатысу сұрақтары бойынша +7 7172 999 408  телефонына және баспасөз қызметіне + 7 7172 999 402, 87784560999 хабарласыңыз 

Ұйымдастырушылар туралы ақпарат:

G-Global халықаралық хатшылығы 2013 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» Қауымдастығы базасында тұрақты жұмыс істейтін            G-Global хатшылығын құру жөніндегі тапсырмасын (2012 жылғы 01 маусымдағы №61-13.150 қарар) орындау мақсатында құрылды.

Хатшылық экономика саласындағы ең өзекті тақырыптар бойынша бейресми сұхбат жүргізуге, жекелеген елдердегі де, бүкіл әлемдік кеңістік ауқымындағы да істердің ағымдағы және келешектегі жағдайын талдауға, осы негізде кешенді зерттеулерді, ұсыныстарды, Хатшылықтың жұмысына тәжірибелік сипат беретін басқа да құжаттарды жасап шығаруға мүмкіндік береді. Хатшылықтың жұмысы жобаларды іске асыру, сұхбат алаңдары мен озық білімдер, тәжірибелер мен технологиялар трансфертін құру жолымен G-Global қауымдастықтың сыртқы экономикалық және сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетуге бағытталған.

Хатшылықтың негізгі жобалары мыналар: Астана экономикалық форумы, ЭКСПО-2017, Жаһандық энерго-экологиялық даму стратегиясы, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы және тағы басқалар.

Хатшылық оның мүшелерінің, мемлекеттік, халықаралық ұйымдардың, бизнес қауымдастық пен азаматтық қоғамның арасындағы сұхбат алаңы ретінде жұмыс істейді; G-Global ақпараттық-коммуникативтік тұғырнаманың жұмысын жүргізеді.

«Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы» (Коалиция) –үкіметтік емес ұйым, Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасы мен «Жасыл Көпір» Серіктестік Бағдарламасының  қоғамдық провайдері, сонымен қатар еліміздегі EXPO-2017 көрмесінің негізгі тақырыптарын қолдауға бағытталған көптеген қоғамдық іс-шаралардың ұйымдастырушысы (www.greenkaz.org).  

Коалиция ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тіркелген, сонымен қатар «Қазақстан-2050» демократиялық күштерінің жалпыұлттық коалициясының» мүшесі болып табылады.

Коалиция елімізде жасыл жобаларды тиімді іске асыруда 2014 жылы Ғаламдық экологиялық қордың(ҒЭҚ) «Сенім белгісіне» ие болды.

 2015 жылы Коалиция «Ақбота» ҚҚ біріге отырып, БҰҰ Даму Бағдарламасы және Coco-Cola компаниясының қолдауымен «Арнасай – Қазақстанның бірінші жасыл ауылы» (Арнасай аулы Ақмола облысы),  35 «жасыл» технологиялар  мен «Жасыл технологиялардың халықтық академиясы» білім тарату орталықтары орнатылған «Арнасай» жасыл технологиялар Орталығын ашты, онда 2015-2016 жылдары 5 мыңнан астам қазақстандықтарды жасыл технологиялар бойынша оқытты.

2016 жылы Коалиция серіктестерімен бірігіп тағы алты облыста (Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан)  Орталықтар ашып, Қазақстанның жасыл технологиялар Орталықтарының республикалық желісін құрды.

Еуропалық Одақ біртіндеп өздерінің ноу-хауларын, ресурстары мен тағдырын біріктіруге бел байлаған 28 мүше мемлекеттен тұрады. Бірге, 60 жыл бойы, олар мәдени алуандықты, толеранттықты және тұлғалық еркіндікті сақтай отырып, тұрақтылық, демократия және тұрақты даму аймағын құрды. Еуропалық Одақ өзінің жетістіктері мен құндылықтарын өзінің аумағынан тыс жатқан елдермен және халықтармен бөлісуге әзір. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) адамдарың өмір сүруін жақсартуға бағытталған, мемлекеттерді ақпарат көздері, тәжірибе, қорлармен байланыстыра отырып оңтайлы өзгерістерді қолдайтын, даму мәселелеріне қатысты БҰҰ-ның дүниежүзілік жүйесі. Біздің өкілеттілігіміз 177 мемлекетте қызмет етеді. Біз оларға маңызды мәселелерді, дамудың ғаламдық және ұлттық мәселелерін өз бетімен шешуде жауапты іс-әрекеттерді қалыптастыруына атсалысамыз. Бұл мемлекеттер өз мүмкіншіліктерін қалыптастыру барысында біздің сарапшылар мен көптеген серіктеріміздің көмегіне жүгінеді.

 «АлбаСтройДор» ЖШС 2010 жылы 22 қыркүйекте құрылды. Компания бүкіл ел көлемінде маңызды міндет атқаруда. Себебі, «АрселорМиттал Темиртау» металлургиялық комбинатының домна өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу арқылы оның қоршаған ортаға зиян әсерін азайтып қана қоймай, табиғи қиыршық тас өндіру бойынша жаңа карьерлерді әзірлеуге бөлінген табиғи ландшафттарды сақтайды. «АлбаСтройДор» ЖШС өз қызметінің бір жылы ішінде домна өндірісінің 2 миллион тоннадан аса техногендік қалдықтары қайта өңделді, 200-ден аса жұмыс орны құрылды. 

Версия для печати
Пікірлер 1 Пікір қосу
27.04.2017 11:43:45
Омномном