Басты бет /

Жаңалықтар

АСТАНАДА АЛҒАШҚЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БІРІККЕН ИННОВАЦИЯЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

26 Тамыз 2017
38
0

2017 жылғы 28 тамызда Астанада Астана қ. Әкімдігінің, ШЫҰ хатшылығының, «Назарбаев Университет» қолдауымен Алғашқы Жібек жолы біріккен инновациялардың халықаралық форумы өтеді.

 Іс-шараның алғашқы ұйымдастырушысы - «G-Global халықаралық хатшылығы» ЗТБ.

         Өткізілетін орны: «Назарбаев университет», 1 блок, Сенат залы.

Өткізілетін уақыты: сағат 09:00 бастап 13.00 дейін.

Астана қаласының әкімі Ә.Исекешовтың, 2007 жылғы Нобель сыйлығының Лауреаты Рае Квон Чунгтың,  Қазақстандағы ҚХР елшісі Чжан Ханьхуэйдің, «ЭКСПО-2017» Халықаралық Мамандандырылған Көрмесінің Комиссары Р.Жошыбаевтың, сонымен қатар, халықаралық сарапшылардың, ҚР Парламенті депутаттарының, бейінді министрліктер өкілдерінің, жастар ұйымдарының, бизнес құрылымдарының және БАҚ қатысуымен жинақтамалы талқылау жүргізу жоспарланған.

Іс-шараның барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, медицина, қайырымдылық, жасыл экономика және энергетика, геоақпарат саласындағы қазақстандық-қытай ынтымақтастығы мәселелері, сонымен қатар, электрондық коммерция мен ШЫҰ елдерінің логистикасы мәселелері жөніндегі өзара екі жақты қарым-қатынасты қарастырады.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша Қазақстан мен Қытай ұйымдарының арасындағы меморандумдардың және ынтымақтастық туралы келісімдердің бірқатарына қол қою жоспарлануда. Бұл құжаттар болашақтағы өзара екі жақты қарым-қатынастардың «жол картасына» айналады.

150 астам, оның ішінде Қытайдан, Кореядан, Эстониядан және Ресейден қонақтардың қатысуы күтілуде.

Аккредиттеу және қосымша ақпарат үшін келесі байланыс арқылы хабарласуды сұраймыз: Сыздықова Назира, Жобаның менеджері, 278903, +77014220824

 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.