Басты бет /

Жаңалықтар

АСТАНАДА «ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА МЕН САЯСАТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

26 Тамыз 2017
41
0

«G-Global Халықаралық хатшылығы» ЗТБ мен TRIAD Berlin халықаралық компаниясы «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық экономика мен саясат» тақырыбында «Болашақтың энергиясы» форумының ХІ жинақты сессиясын жүргізуді жоспарлайды және БАҚ өкілдерін осы іс-шараға қатысуға шақырады. 

Өткізілетін орны: ЭКСПО-2017 конгресс орталығы, 3 холл.

Өткізілетін күні мен уақыты: ағымдағы  жылдың 28 тамызы, сағат 15:00 бастап 18:00 дейін.

Осы Форум ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында өтеді.

Форумның мақсаты - ғаламдық энергетика және әділ ұлтаралық энергетикалық экономика туралы құрылымдық диалогын жүргізу. Қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық проблемасын шешу және тұрақты энергетиканы дамыту әлемнің саяси және экономикалық ынтымақтастығына байланысты болып табылады. 

Форумның аясында келесі мәселелер талқыланатын болады:

  • Экологиялық саясат пен әлемдегі экологиялық даму
  • Ғаламданудың проблемалары мен саяси аспектілері
  • Ғаламдық стратегиялар, болашақтың модельдері мен сценарийлері
  • Тұрақты дамудың стратегиясы
  • Халықаралық сауда мен жасыл экономиканың өзара қатынасы
  • Экологиялық және экологияға қарсы тұжырымдамалар
  • Экологиялық фактордың қақтығысу әлеуеттері

Іс-шараның жұмысына 2007 ж. Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, «Самрұқ-Энерго» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмасадам Саткалиев, Қырғызстанның Ұлттық сауда палатасының президенті, Астана – ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қырғыз Республикасы павильонының бас комиссары Шаршекеев Марат, Қазақстан Республикасының Парламент Сенатындағы кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының өкілі Қасымов Ғани Есенкелдіұлы, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің IV және V шақыртуларының депутаты Айгүл Соловьева, ТКШ және құрылыстағы энергиялық тиімділік жөніндегі ҚР Үкіметінің және БҰҰДБ/ҒЭҚ жобаларының үйлестірушісі Александр Белый, Еуропалық сауда институтының бас директоры Бернд Халлир қатысады. 

Аккредиттеу және қосымша ақпарат үшін келесі байланыс арқылы хабарласуды сұраймыз: Сыздықова Назира, Жобаның менеджері, 278903, +77014220824 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.