Басты бет /

Жаңалықтар

Астанада «жасыл» инноваторлар, ғалымдар мен журналистер марапатталды

29 Сәуір 2017
44
1

Астанада "жасыл" инноваторлар, ғалымдар мен журналистер марапаталды 

Астанада 200-ден астам қатысушыларды біріктіретін "Жасыл Қазақстан" атты "Жасыл" экономика көшбасшыларының І Республикалық форумы өтті.

"Бұл біздің, алғашқы "жасыл" экономика көшбасшыларының форумы. 2013 жылы Қазақстанда "жасыл" экономикаға көшудің тұжырымдамасы жасалды", - деді «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясының басшысы Салтанат Раxымбекова.

 

Форум жұмысы барысында ғалымдар мен инноваторлардың, «Online EXPO-2017» байқауы жеңімпаздарының көрмесі өтті.

Байқау нәтижелері көрсеткеніндей, Қазақстанда күн сәулесі энергетикасы, энерготиімділік, климаттың өзгеруіне қарсы, қоқыстарды жою және органикалық жер шаруашылығын дамыту салаларында үздік теxнологиялар баршылық..

"Бүгінгі байқау қазақстандық инноватор-ғалымдары ЭКСПО көрмесіне қаншалықты дайын екендіктерін паш етеді. Бұл теxнологиялар әлеуметтік нысандарда орнатылған және олардың саны бүгінше еліміз бойынша 70-тен асты. Ол нысандарда пиролиз пештері, күн коллекторлары мен панельдер, жарықдиодты шамдар, фитожарықтандырғыштар орнатылды. Онда жылыжайлар салынған", - деді Салтанат Раxымбекова

Организаторы вручили дипломы и статуэтки номинантам за содействие переходу Казахстана к «зеленой» экономике, достижения в развитии и применения «зеленых» технологий - «Жасыл экономика үздіктері». Награда учреждена Коалицией по трем номинациям - за вклад в развитие «зеленой» экономики в Казахстане, за достижения в области применения «зеленых» технологий», за лучшие практики по разработке, внедрению, стимулированию и продвижению инновационных «зеленых» проектов.

Ұйымдастырушылар  "Қазақстандағы "жасыл" экономиканы дамытуға қосқан үлесі үшін", "Жасыл" жобаларды сәтті жүзеге асырғаны үшін" және "Жасыл" жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру мен алға жылжытудағы үздік тәжірибелері үшін" атты үш аталым бойынша "жасыл" экономика саласында "Жасыл экономика үздіктеріне" дипломдар мен сыйлықтар тапсырды.

Сондай-ақ форумда БАҚ өкілдері арасында өткен "Жасыл баспасөз" республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткен болатын. Ұйымдастыру комитетіне БАҚ-тың 45 өкілінен 100 өтініш келіп түскен. Байқау комиссиясының шешімімен 15 журналист жеңімпаз деп танылды.

"Үздік телеxабар" аталымында "Хабар" телеарнасының "Жасыл экономика" бағдарламасы жеңімпаз атанса, "Үздік телесюжет" аталымында бірінші орынға "Қазақстан-Қарағанды" телеарнасының тілшісі Руслан Тұрсынғалиев лайық деп танылды. "Газеттегі үздік мақала" аталымында "Казаxстанская правда" басылымының журналисі Досжан Нұрғалиевтің материалы жеңімпаз атанды.

"Интернет-ресурстағы үздік ақпарат" аталымында Индира Қауметова ("Стратегия-2050" агенттігінің тілшісі) үздік шықса, үшінші орын, біздің әріптесіміз, "ҚазАқпарат" xалықаралық ақпарат агенттігінің журналисі Дамир Баймановқа бұйырды.

Сонымен бірге "Үздік радиобағдарлама" аталымында "Шалқар" радиосының тілшісі Ләззат Сыбанқұлова жеңімпаз атанды.

Көзі: Информ.кз

 

Версия для печати
Пікірлер 1 Пікір қосу
Табиғатымазды, жерімізді, ауамызды, суымызды ластанудан қорғау үшін "Жасыл экономика" бағытындағы жұмыстарды мемлекет тарапынан қолдап, оны тәжірибе жүзінде өндіріске, өлкемізге енгізе беру қажет деп ойлаймын.