Басты бет /

Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТЕЛ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ: КОММУНИКАТИВТІК-ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТ»

22 Ақпан 2017
135
0

 

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОО ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ДАЙЫНДЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

2017-жылдың 24-ақпанында қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқытумен айналысатын оқытушыларды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы G-GLOBAL көпфункцияналды коммуникативтік алаңы платформасында өтетін «ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТЕЛ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ: КОММУНИКАТИВТІК-ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТ» атты республикалық дөңгелек үстелге шақырады.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Коммуникативтік кеңістіктегі қазақ тілі;
  2. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен практикасы;
  3. Қазақ тілін екінші немесе шет тілі рeтінде оқытуға арналған оқу құралдары мәселесі;

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілі: қазақ және орыс тілінде. Дөңгелек үстелдің өткізілу түрі: іштей, сырттай, он-лайн.

Бұл шараға елімізде, сондай-ақ шетелде  қазақ тілін шетел тілі ретінде және екінші тіл ретінде оқытып жүрген жоғары оқу орындары мен мектеп оқытушылары қатыспақ.

 

  1. Қарабаева Ханшайым Əбдутәліпқызы ф.ғ.к., доцент - Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қытай Халық Республикасы, Бейжің  шетел тілдері университетінен
  2. Құрышжанова Әлия Әбжанқызы - Оңтүстік Корея, Ханкук шетел тілдері университеті университеті
  3. Зейнулина Айман Файзуллақызы – ф.ғ.к., С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің профессоры Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі
  4. Карипжанова Гулназ Төкенқызы - профессор, филология ғылымдарының кандидаты С.Торайғыров атындағы ПМУ, «Қазақ филологиясы» кафедрасы
  5. Омарқұлова Ләззат Кенжебекқызы - М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті Қазақ және орыс тілдері кафедрасы.
  6. Ешмұхамбетов Алтай Оралханұлы - Алматы қаласы №81 мектеп-гимназияның директор орынбасары
  7. Карипжанова Айнұр Оралқызы - филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, С.Торайғыров атындағы ПМУ, «Қазақ филологиясы» кафедрасы
  8. Берденова Ханзада - Қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері  Қазақстан, Алматы қаласы №81 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы

Өтетін орны мен күні:  24.02.2017. сағат: 14.00. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби даңғылы 71, ректорат ғимараты, 308 дәрісхана.

 

 

Қосымша ақпарат үшін мына телефонмен хабарласыңыз:

Ешимов Мұхтар Парахатұлы  (87013568849)

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.