Басты бет /

Жаңалықтар

Байқоңырда бизнес дамуы мүмкін бе

17 Мамыр 2017
94
1

Қызылорда облысының әкімдігі 2017 жылғы 18 мамыр сағат 15.00-де «Байқоңырда бизнес дамуы мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет форумын» өткізуді жоспарлауда.

Интернет-форумның мақсаты – отандық және шетелдік мамандарға Байқоңыр қаласында бизнесті дамыту мүмкіндігін талқылау және шешу жолдарын қарастыру үшін диалог алаңын ұйымдастыру болып табылады.

Форумға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы  Кулибаев Тимур Асқарұлы, «Ресей Федерациясы жер үсті ғарыштық инфрақұрылым обектлерінің эксплуатация орталығының» өкілі, сондай-ақ, Ресей, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Молдова Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Израиль сияқты әлемнің 10 елден бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан халықаралық компаниялар қатысады.

Интернет-форумның трансляциясын  тікелей эфирде Facebook және Youtobe әлеуметтік желілері арқылы көруге болаады.

Өз кезегінде, интернет-форумның сәтті  өтуі өңірге инвестиция тартуда және Байқоңыр қаласында бизнесті  дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өте кету керек..

 

Версия для печати
Пікірлер 1 Пікір қосу
18.05.2017 15:58:36
керемет