Басты бет /

Жаңалықтар

Биология, медицина және фармацияның даму болашағы

08 Желтоқсан 2016
169
0

Пресс-релиз

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  фармацевтика академиясы  және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы  қорының жас ғалымдар кеңесі  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «G-Global» халықаралық коммуникативті алаңында «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің IV Халықаралық ғылыми конференциясының «Медицинадағы инновация: теориядан тәжірибеге» секциясының мәжілісін өткізеді.

Тіркелуі–13.00-14.00
Басталуы – 14.00

Өткізу орны – ОҚМФА кіші залы, Шымкент қ., Аль-Фараби алаңы, 1

Қазақстан жас зерттеушілер және студенттер ғылыми ұйымы және халықаралық конференция қонақтары 2016 жыл 9-10 желтоқсан Заманауи зерттеулердің өзекті мәселелерін талқылап, олардың даму болашағын айқындау жоспарлануда. Екі күн бойы «Биологиялық ғылымдар және денсаулық сақтау» және «Фармацияның өзекті мәселелері» атты тарауларында секциялар жұмыс істейді. Конференция ашылу салтанатынан кейин үздік баяндамалар Пленарлы отырыста ұсынылады.

Конференция барысында жас зерттеушілер арасында өзара қатынас және өзара ынтымақтастықты нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Заманауи зерттеулердің өзекті мәселелерін талқылап, олардың даму болашағын айқындау жоспарлануда.Екі күн көлемінде  «Биологиялық ғылымдар және денсаулық сақтау» және «Фармацияның өзекті мәселелері» атты секциялар жұмыс жасайды. Конференция ашылуынан кейін Пленарлық мәжіліс болады, онда үздік баяндамалар оқылады.

«Медицинадағы инновация: теориядан тәжірибеге» секциясының мәжілісі Астаналық экономикалық форумның «G-Global» халықаралық коммуникативті алаңында онлайн-режимінде өтеді. «G-Global» интернет-жобасы тыңдаушылардың кең ауқымына халықаралық конференция қатысушыларының биология, медицина және фармацияның өзекті мәселері жайлы пікірлерін естуге мүмкіндік береді.

Конференцияда Сібір мемлекеттік медициналық университеті (Ресей, Томск қ.), И.П.Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медициналық университеті (Рязань қ., Ресей), Ташкент фармацевтикалық институты (Өзбекстан), сондай-ақ Қазақстанның алты медициналық жооларының ғылыми кеңесінің өкілдері қатысады.

Ғылыми жұмыстарды жібергендер: Дәрілік және хош иісті шөптердің Бүкілресейлік институты Ботаникалық бағының лаборатория қызметкерлері, Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу  медициналық университеті (Мәскеу, Ресей),  Иркутск мемлекеттік медициналық университеті (Ресей), Тәжік ұлттық университеті (Душанбе), Алтай мемлекеттік медициналық университеті (Барнаул, Ресей), «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі АҚ (Қарағанды қ., Қазақстан), «Астана медициналық университеті», С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университеті ( Алматы, Қазақстан), Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институты (Пятигорск қ., Ресей), Ұлттық фармацевтикалық университеті, Петр Василенко атындағы Харьков ауыл шаруашылық ұлттық техникалық университеті (Украина) және ТМД елдерінің басқа жоолары.

Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жас ғалымдар мен студенттердің конференциясына арналған материалдарды басып шығарады, жооның электронды сайтында ұсынады. 

Номинацияларда жеңіске жеткендерге дипломдар және құнды сыйлықтар беріледі. Барлық қатысушылар сертификаттар алады.

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.