Басты бет /

Жаңалықтар

Біріккен Ұлттар Ұйымымының өкілі «Арнасай» Жасыл Технологиялар орталығында» болды

13 Маусым 2017
53
0

«Арнасай» Жасыл Технологиялар орталығы» – бұл білім алуға, алған білімін бөлісуге және таратуға ниетті барлық адамдардың басын қосатын жасыл платформаны құрайтын тұтас инновациялар кластерінен тұратын бірегей хаб», - деді.

Астана қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан «Арнасай» Жасыл Технологиялар орталығы» 2015 жылы ЭКСПО-2017 аясында және Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі шеңберінде құрылған болатын. «Арнасай» Жасыл Технологиялар орталығында» Қазақстандағы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге қажетті заманауи технологиялар мен «экологиялық таза» практикалар көрініс тапқан

БҰҰДБ тарапынан жинақталған әлемдік тәжірибе Орталық Азиядағы қарапайым ауылдық елді мекен саналатын Арнасай ауылына қолданылып, бейімделді. Мысалы, БҰҰДБ аясында орнатылған күн коллекторлары ауылдағы электр тұтыну мөлшерін 48%-ға дейін үнемдеуге, сондай-ақ тамшылатып суару әдісі мен өзге де су үнемдеуші технологияларды қолдану судың тұтынылу көлемін екі есеге кемітуге мүмкіндік берді.

Бұған қоса, алғаш рет Орталық Азияда өсімдіктердің өсуін жылдамдатып, өнімнің жыл сайынғы түсімін арттыруға мүмкіндік беретін фото-ЖСД (жарық-сәулелендіруші диодтар) тұратын жылыжай орнатылды.

Бұл жақын орналасқан ауылдардағы балалардың арзан әрі сіңімді элементтерге бай тағамдарды жыл бойы тұтынуларына мүмкіндік беріп, ересектерге арналған «жасыл» жұмыс орындарын құрады.

Жасыл технологияларды енгізу және тарату шараларына көмек қол ұшын созудан бөлек, БҰҰДБ әлсіз топтардың «жасыл» мамандықтарды меңгеруіне қолдау көрсету мақсатында жасыл технологияларға инвестициялар бөледі. Султаноглу ханым қолөнершілер көрмесіне қатысып, жергілікті шеберлермен кезігу арқылы атқарылған жұмыстарға баға берді.

Көзі: http://bnews.kz

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.