Басты бет /

Жаңалықтар

«Болашақтың энергиясы: әйелдер, бизнес және ғаламдық экономика» II Халықаралық форумы

02 Тамыз 2017
350
0

2017 жылдың  2-3 тамызында Астана қаласында «Болашақтың энергиясы: әйелдер, бизнес және ғаламдық экономика» II Халықаралық форумы өтеді.

         Форум әйелдердің қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруімен

күресу, жасыл экономикаға өту, әлеуметтік инновацияларды, сонымен қатар, 2015 жылы әлемдік қоғам қабылдаған Тұрақты Даму Мақсаттарының жүзеге асыруда жетістіктерімен танысуға бағытталған.

Бүгінгі таңда барлық әлемге «Болашақтың энергиясы» EXPO-2017 көрмесінің өзектілігі мен маңыздылығын жеткізу, әлемнің «жасыл» экономикаға өтуі үшін тұрақты даму үшін қолданатын инновацияларды көрсету маңызды тапсырма болып тұр.

2 тамызда сағат 10.00 Назарбаев орталығының мәжіліс залында

форумның ашылу салтанаты өткізіледі. Бағдарлама бойынша түстен кейінгі уақытта форум қатысушылары «Этноауыл» Ұлттық мәдениет орталығына барады.

3 тамызда Форум EXPO-2017 көрмесінің аймағында орналасқан Ұлттық Күндер сахнасында жалғасын табады.

         Форум ұйымдастырушылары «Expo&Women» Халықаралық ұйымы, «Coca-Сola» халықаралық компаниясы, Жасыл экономикан қолдау мен G-Global ды дамыту Коалициясы, «Социальная динамика» Қоғамдық ұйымы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы, Астанадағы ЕҚҰО Бағдарламалар офисі,  «МАК» инвестициялық компаниясы болып табылады.

         Ресми қолдау көрсеткен - G-Global Халықаралық хатшылығы, «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ, Еуразиялық әйелдер Альянсы.

      Форум бағдарламасы келесі панельдік сессиялардан тұрады: «Тұрақты даму саясатындағы әйелдердің рөлі», «Ғылым мен жасыл инновациялардың дамуына әйелдердің қосатын үлесі», «Жасыл бизнестегі әйелдер бастамалары».

Сондай-ақ  жұмыссыз әйелдерді жасыл технологиялар негіздеріне оқытуға және ауылда «жасыл» бизнесті құруға ықпал етуге  бағытталған «Coca-Cola Белестері-2017» республикалық байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтеді. «Coca-Cola Белестері-2017» байқауының 10 жеңімпазы өз жобасын іске асыру үшін 4000 АҚШ доллары көлемінде грант алады.

Бұл іс-шарада әйелдер және әлемнің әйелдер ұйымдарының EXPO халықаралық көрмелеріне (DUBAI EXPO-2020 және т.б.) бірлесіп қатысу туралы ғаламдық диалогтың басталуын ұйымдастыру жоспарлануда.

EXPO Көрмелерінің тақырыптық, мәдени және ойын-сауықтық, ақпараттық-түсіндіру және т.б. іс-шараларына әйелдердің қатысуы тәжірибиесін жинақтау біз үшін маңызды.

Сонымен қатар, Форумның күн тәртібінде екі халықаралық ұйымдастырушылық комитеттердің құрылу мәселесі тұр – «Болашақтың энергиясы: әйелдер, бизнес және ғаламдық экономика» ІІІ Халықаралық форумы және Dubai Expo-2020 көрмесінде «Expo&Women» Әйелдер павильоны.

Форумда «Әйелдер экологияны қолдайды», «Әйелдер – әлеуметтік кәсіпкерлер», «Ійелдер – инноваторлар» және т.б. номинациялары бойынша «ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТУШІ ӘЙЕЛДЕР» тізімін құру ұсынылуда.

Тақырыптарды талқылауға халықаралық ұйымдардың және халықаралық әйелдер ұйымдарының жетекшілері, әлемнің түрлі елдерінен бизнес және саяси ортада танымал есімдер қатысады және баяндама жасайды.

Форум жұмысына 200-ден аса ұлттық және халықаралық әйелдер қоғамдық ұйымдарының, бизнес құрылымдар, ғылыми орта, БАҚ және т.б. өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Форум туралы толығырақ ақпаратты және бағдарламаны іс-шараның ресми вебсайтынан алуға болады: www.expowomen.org.

Ескере кететін жайт, «Болашақтың энергиясы: әйелдер, бизнес және ғаламдық экономика» I Халықаралық форумы Milan Expo-2015 халықаралық көрмесі іс-шараларының аясында өтті.

      «Болашақтың энергиясы: әйелдер, бизнес және ғаламдық экономика» Халықаралық форумы – бұл экология үшін әйелдер бастамалары, инновациялар және EXPO ғаламдық интеграциясы үшін интерактивті алаң болып табылады. 

Аккредитация үшін: Меруерт Абдалиева

Байланыс: 8 (7172) 99 94 08, 8 (778) 456 09 99

Толық ақпарат алу үшін: Окапова Асыл

Байланыс: 8 (7172) 99 94 08, 8 (747) 38 38 301

Маңызды! Назарбаев орталығы ерекше қорғалатын объект екенін ескере отырып, аккредитацияны 2017 жылдың 29 шілдесіне дейін өту керек. 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.