Басты бет /

Жаңалықтар

Әдебиетші мамандарды даярлаудың концептуалды негіздері

06 Желтоқсан 2016
44
0

2016 жылдың 7 желтоқсан күні Л.Н.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әдебиетші мамандарды даярлаудың концептуалды негіздері» атты республикалық оқыту семинары өтеді. «G-GLOBAL» форматында өтетін аталмыш онлайн-шараны Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ орыс филологиясы кафедрасы ұйымдастырады. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ орыс филологисы кафедрасының меңгерушісі Нұрғали Қадиша Рүстембекқызы.

Семинарға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Академиялық мәселелер жөніндегі департамент, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс тілі және әдебиеті кафедарсы қатысады. Сондай-ақ, шетелдік ғалым, Александр Иоан Кузы атындағы Яссы мемлекеттік университетінің (Румыния) профессоры Беженару Л.Е. өз тәжірибесімен бөліседі.

Аталмыш шара Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің №1 оқу-зерттеу ғимаратында (2 қабат, 210 ауд.) өтеді. Бағдарлама бойынша келесі қатысушылар баяндама оқиды: Молдажанова А.А., п.ғ.д.,проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің оқу ісі жөніндегі проректоры;; Беженару Л.Е., PhD, А.И.Кузы атындағы Яссы мемлекеттік университеті (Румыния); Нұрғали Қ.Р. ф.ғ.д., проф., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, Тахан С.Ш. ф.ғ.д., проф. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ орыс филологиясы кафедрасының профессоры; Шашкина Г.З. ф.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ орыс филологиясы кафедрасының доценті. Сағымбай А.Г., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ПУМР бөлімінің басшысы; Майгельдиева Ж.М. ф.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университетінің дофенті. 

 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.