Басты бет /

Жаңалықтар

Елордада биыл «Ғаламдық Жібек жолы» форумы өтеді

29 Наурыз 2018
359
0

Биыл шілдеде Астанада «Ғаламдық Жібек жолы» форумы өткізіледі. Бұл жайында Бейжіңде «G-Global халықаралық хатшылығының» басшысы Серік Нөгербеков мәлімдеді. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қала әкімдерінің ауқымды жиыны да қарастырылған. Бұл шара «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 5 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына орайластырылады. Өйткені Қытай Төрағасы Си Цзиньпин стратегиялық бастаманы Астана Университетінде жария еткен еді. Ал былтыр мамырда Бейжіңде өткен халықаралық әріптестік жөніндегі форумда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жібек жолының Халықаралық академиясын құру туралы ұсыныс білдірген еді. Серік Нөгербеков сол идеяның қазір іске асқанын жеткізді. Оған Қытай, Ресей және басқа да 30 елдің ғалымдары атсалысқан. Енді осы мемлекеттердің медицина, мәдениет, экология сияқты түрлі саладағы мамандарының басын қосу керек. Ол үшін жаңа қор қору бастамасы көтерілді. Серік Нөгербеков, G-Global халықаралық хатшылықтың басшысы: – Осы жобаларды іске асыру үшін болашақта халықаралық қор құру үшін, себебі жалғыз өзіміз оны жүзеге асыра алмаймыз. Ол үшін Жібек жолындағы мемлекеттердің басын қосу керек. Бұл жоба туралы мен айтқаннан кейін Қытай сарапшылары өте көп сұрақ берді. Мен жауап бердім.



Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/230101-elordada-biyl-alamdy-zhibek-zholy-forumy-tedi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.