Басты бет /

Жаңалықтар

Ғаламдық даму меридиандары

26 Желтоқсан 2016
100
0

Ғаламдық даму меридиандары

G-Global халықаралық секретариатында 5 жылдық қызмет қорытындысы шығарылып, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғаламдық шешімдерді қабылдау үдерістерін демократияландыру және елдер арасындағы диалогты нығайту мақсатында бастамашылық еткен G-Global жобасын жылжыту бойынша кейінгі қадамдар жоспары белгіленді. Бұл туралы біз G-Global халықаралық секретариат басшысы Серік Нүгербековпен әңгімелестік.

 

 

– Серік Нүгербекұлы, биылғы жыл – G-Global бастамасы үшін мерейтойлық болып табылатынын есепке ала отыра, осы жобаның халықаралық майданда жылжуының маңызды кезеңдерінің бетін ашқымыз келеді. Қандай естелік сәттерді атап өте аласыз және әлем бүгінгі күні осы бастамаға қаншалықты оң көзбен қарайды? 

– Еске сала кетейін, осы көрнекті идеяға Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 20-жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыста бастау берген болатын, ол онда «Өкінішке орай, G20 және G8 форматтары ағымдағы дағдарыстан шығудың оңтайлы жолдарын өндірудегі тиімсіздігін көрсетіп отыр. Мен әлем үшін дағдарысты еңсеру идеяларын іздеу қатысушыларының санын кеңейтуді ұсынамын. Жаңа коммуникативті алаңды «G-Global жобасы» деп атауды ұсынамын...» деп атап өткен болатын.

G-Global коммуникативті алаңы өзінің ғаламдық желідегі белсенділігі сәтінен көп полюстік әлемнің елдер арасындағы осы заманның өзекті мәселелерінің әртүрлі аспектілері бойынша елдер арасындағы өнімді диалогты дұрыстауға жағдай жасайтын құрылымдық біріктіру алаңына айналды. Дәл осы интерактивті алаңда әзірленген және оны көкейкесті ету және дамыту бойынша шаралар қолдану үшін  ЭКОСОС БҰҰ деңгейіне шығарылған Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар тұжырымдамасын шығару шеңберінде ғаламдық пікірталас өріс алды. Бұл ретте әлемдік тәжірибеде алғашқы рет әлемнің барлық елдерінің өкілдері осындай түбегейлі маңызды құжаттарды жасауға қатысу мүмкіндігін алды.   

2013 жылғы 1 шілдеден бастап 2014 жылғы 1 мамырға дейін G-Global тұғырнамасында ӘДҚЖ Тұжырымдамасын қалыптастыру бойынша «VII АЭФ және II ДДҚК»  виртуалдық жобасы табысты жүргізілді. Әлемнің 170 елінен миллионнан астам пайдаланушы онлайн-жобаның жұмысына қатысқаны есте қаларлық оқиға. G-Global сайтында 15 мыңнан аса баяндамалар мен зерттеу жұмыстары, 50 мыңға тарта сараптамалық шолу мен түсініктемелер орналастырылды. Ең ақырында, БҰҰ елдері ЕКОСОС үйлестіруімен бірлесіп күш салып әлемдік экономиканы дағдарыстан шығару бойынша әрекет етудің жалпы жоспарын әзірлеуі тиіс. 

Бұл Қазақстанның ғаламдық дағдарысқа қарсы дискурстағы рөлін нығайтқаны сөзсіз. Сонымен қатар, уақыт Президент Назарбаевтың осы үдеріс барысында айтылған көптеген ойлары мен идеяларының ұтымдылығын растады. Қазіргі сын-тегеуріндер мен байбаламдар аясында адамзат жаңа ғасырдың екінші онжылдығының басында бір емес, бір мезгілде болып жатқан бірнеше дағдарысты тудырғаны туралы іргелі қорытынды бүгінгі күні шындық болып табылатындықтан, растауды қажет етпейді. Бұл ретте осындай бүлдіргіш құбылыстарды еңсеру бір ірі мемлекеттің ғана емес, оның қандай қуатты болуына қарамастан, аса ірі өңірлік бірлестіктердің де қолынан келмейтіні дәл солай анық.  Әлемдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай – осының айқын дәлелі. Сондықтан, біздің еліміздің ғаламдық дағдарысқа қарсы дискурсты белсендіру және G-Global бастамасын жылжыту бойынша күш салуы ақыр соңында әлем қауымдастығының Қазақстанға қатысты жалпы оң көзқарасына қалыптасты. 

Бүгінгі заманның көрнекті қайраткерлерінің бірі, Нобель сыйлығының лауреаты  Мұхаммад Юнус атап өткендей: «Адамдарды уақыттың маңызды мәселелерін талқылау мақсатымен біріктіру – аса маңызды, мәнді және заңға сыйымды. Бірақ әлемдік ғылым мен тәжірибе көшбасшыларын ғаламдық мәселелерді шешу үшін шоғырландыру бұл – кездейсоқ және тарихи белгісі бар оқиға. Азия елдерінің ешқайсысы Қазақстан секілді осындай деңгейде іс-шараларды өткізген емес, бұл, әрине, Президент Н.А.Назарбаевтың көрнекті еңбегі болып табылады».

–G-Global коммуникативті тұғырнаманың оңтайлы мүмкіндіктері «жасыл көпір» ғаламдық бастамасын жылжыту және ЕХРО 2017 халықаралық көрмесінің маңызды бөліктерінің мәселесін көкейкесті ету үшін белсенді қолданылып жатқаны белгілі. Осыған байланысты, G-Global «жасыл» экономиканы және ең алдымен, ЕХРО дайындауға қандай үлесін қосып жатқанын білуге рұқсат етіңіз?

–G-Global бұл – орыс және ағылшын тілдеріндегі сайттар желісі ғана емес, бұл - G-Global халықаралыөқ секретариаты, ҒЕАЭК, «Жасыл» экономика үшін одақ  және G-Global дамуы», Expo&Women халықаралық ұйымы мен Қазақстан волонтерларының альянсы секілді ұйымдық құрылымдары бар ғаламдық бастамаларының әлдебір «инкубаторы» екенін атап өту қажет. 2014 жылғы тамызда G-Global халықаралық секретариаты мен одақ «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының хартиясына осы бағдарламаның қоғамдық құрамдас бөлігіне бастамашылық етіп қол қойды.  Бүгінгі күні хартияға әлемнің 15 елінен жиырмадан астам үкіметтік емес ұйым қосылды.  

G-Global тұғырнамасында 2013 жылғы тамыздан бастап ЕХРО 2017 көрмесін жылжыту бойынша онлай-жоба – құрамында экологиялық тиімді технологиялардың барлық түрінің, инновациялар  мен ашылымдардың сипаттамалары, ооның ішінде Үшінші индустриялық төңкеріске арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы сараптамалық шолулар мен форсайт-зерттеулері бар – «ЭКСПО-2017» виртуалдық көрме» порталы іске қосылды. G-Global – EХРО онлайн-павильонында патенттері мен тәжірибелік үлгілері бар отандық әзірлеушілердің әмбебап «жасыл» инновациялары көрсетіліп жатыр.  Өз кезегінде, әрбір пайдаланушының қоғамдық сотқа «жасыл» технологиялар бойынша өзіндік зерттеулерін шығаруға мүмкіндігі бар.  Онда көрмені кең насихаттау мақсатында «жасыл» экономиканы тәжірибеге енгізудің өзекті мәселелері талқыланатын әртүрлі форумдар, сенминарлар, «дөңгелек үстелдер» отырыстары, және конференциялар жүргізілуде.   

2014 жылғы қарашада G-Global тұғырнамасында ЕХРО 2017 көрмесі үшін инновациялар мен жобаларды алдын ала іріктеуге бағытталған Online EXPO инновациялық идеялар мен жобаларының Халықаралық виртуалдық байқауы іске қосылған болатын. Бүгінгі күні осы байқау шеңберінде 148 жоба орналастырылған және 913 пайдаланушы тіркелген.  Қазақстанның ШЫС-та төрағалық ету жылы біздің «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына елдердің ШЕС шеңберінде жаңа бағыт – экология және инновациялар саласындағы елдер ынтымақтастығын ашқан Шанхай Ынтымақтастық ұйымын тартқанымыз айрықша.

Ағымдағы жылы біз «Қытайдың жаңа еуразиялық холдингі» құрылымымен де әрекеттесуді бастадық, онымен G-Global  секретариаты мен одақ ЕХРО 2017,ППЗМ-ді жылжыту, сондай-ақ «жасыл» экономика қағидаларында Еуразиялық көліктік дәлізді дамыту жөнінде үш жақты меморандум жасады. Біз үшін осы ұйыммен кейін Қытайдың венчурлық капиталын қазақстандық инновациялар, оның ішінде жалпы тау мен судың экожүйелерін қалпына келтіру бойынша жобалар үшін тарту мақсатында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ретке келтіру түбегейлі маңызды.  Сондай-ақ, бұл біздің «жасыл» инновацияларымызды Қытайға экспорттауға және ҚХР арқылы батыс технологияларын импорттауға мүмкіндік береді.

2017 жылғы 10 маусымнан бастап Қытай алғашқы рет ШЕС төрағасы болатынын есепке ала отырып, біз осы ұйыммен ЕХРО-да бірсыпыра іс-шара жүргізу туралы келістік. 

– Секратариатпен Ел басының G-Global тұғырнамасы негізінде G20 мен дамушы елдер арсындағы диалог орталығын жасау туарлы бастамасын іске асыру бойынша қандай түбегейлі әрекеттер жасалатын болады?

– Біз осы мақсаттарда ЕХРО 2017 әлеуеті мен Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігін Қазақстан президентінің бастамаларын жылжыту үшін барынша қолдануды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда,  ЕХРО барысында G-Global жобасының шеңберінде жүзеге асыырлатын жаңа жоба – Green Global форумын ұсынғымыз келеді. Оны 2018 жылы астанамыздың 20 жылдығын тойлау шеңберінде  өткізуді жоспарлап отырмыз. Кейін Green Global форумы ЕХРО базасында жыл сайынғы негізде жүргізілуі ықтимал. Осы іс-шара тұжырымдамалық тұрғыда 5 негізгі компоненттен, яғни БҰҰ 2030 жылға дейін тұрақты дамуын, «Тұрақты энергия барлығы үшін» ғаламдық бастамасын, Париж климаттық конференциясы, сондай-ақ, РИО+20 конференциясы қорытындылары мен «Жасыл көпір» серіктестігі бағдарламасын  іске асырумен байланысты мәселелер талқыланатын іс-шаралардан тұруы тиіс.

Осы қазіргі заманның барлық аса маңызды құжаттарына барлық ел - БҰҰ мүшелері және дамудың ғаламдық институттары қолдау көрсеткеніне ерекше көңіл бөлгім келеді. Бірақ, мәселе бүгінгі күні ғаламдық мейнстримнің осы барлық бағдарламасының біреуінде де оларды іске асырудың сапалы мониторингінің болмауында. Іс жүзінде, осы негіз қалаушы бағдарламалар елдер мен әлемде қалай іске асырылатынын ешкім білмейді. Осыған байланысты біз  Green Global форум алаңшасы арқылы ғаламшарымыздың жыл сайын ғаламдық дамудың айтарлықтай ықпалды күшіне айналып бара жатқан үкіметтік емес секторына тартуды жоспарлап отырмыз. 

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғарыдағылар шешім қабылдауда әлді, бірақ осы идеяларды жылжытуға және өмірге енгізуге үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес тұлғасындағы көпшілік қана қабілетті. Бізге осы бағытта дамудың қабылданған бағдарламаларын тәжірибелік жүзеге асыруға мүдделі ғаламдық ұйымдардың бұрынғы басшылары, мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары үлкен көмек көрсетер еді. 

Green Global форумының маңызды мақсаты – мазмұнында елдердің «жасыл» экономикаға ауысуының нақты механизмдері бар «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша міндеттерді көкейкесті ету. Біз бүгінгі күні осы тақырыпқа арналған төрт ірі халықаралық конференция өткіздік. Әрі келешекте бізге  оның БҰҰ-ның «Тұрақты даму» бойынша міндеттерін жүзеге асырудың негізі болғанына қол жеткізу қажет. Сондай-ақ, Қазақстан G-Global флрматында дамыған және дамушы елдер арасындағы халықаралық диалог орталығына айналуы тиіс. 

Бұл не үшін жүзеге асырылады деген сұрақ туындайды? Green Global форумын жүргізу және Green Global Fund халықаралық қорын құру есебінен деп атап өтейін. Яғни, жыл бойы G-Global интерактивті тұғырнамасына келіп түскен барлық ұсыныстар мен ұсынымдар «жасыл» экономика форумында пысықталуы және сараптамалық пікірлердің жаңа пакетімен толықтырылуы, әрі G20 самиттерінің қарауына шығарылуы тиіс. Green Global форумының басқа пікірталас алаңдарына қарағанда, әлемнің барлық 174 мемлекетін біріктіретін «жасыл» форматтың ерекше мәртебесі болады. Тек осы жағдайда G-Global бастамасы әлемді біріктіретін және инклюзивті негізде міндеттерді жүзеге асыруға жағдай жасайтын тұғырнама бола алады. 

Источник: http://www.kazpravda.kz/
Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.