Басты бет /

Жаңалықтар

«Global Silk Road» Жібек Жолы елдерінің қала мэрлерінің Форумын өткізу жөнінде

31 Мамыр 2018
53
0

Осы жылдың 2-3 шілдесінде Астана қаласының 20 жылдығын тойлау шеңберінде басты іс-шаралары Бейбітшілік және Келісім Сарайында өтетін «Global Silk Road» Жібек Жолы елдерінің қала мэрлерінің Форумы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік сарайында іскерлік бағдарлама өтеді.

Ұйымдастырушылар: Астана қаласының Әкімшілігі, G-Global Халықаралық секретариаты және Астана Халықаралық Қаржылық орталығы, 28 қазақстандық және шетел бірлесіп ұйымдастырушылар іске тартылды.

Форумға Жібек Жолы елдерінің қала мэрлері, дүниежүзілік бизнес, қаржы институттарының жетекшілері, мемлекеттік және ғылыми қайраткерлер, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, Ұлы Жібек жолының бойынша табылатын 60 астам елдерден келген БАҚ қатысады.

Бүгінде 51 елден 1605 қатысушылар тіркелген, оның ішінде 15 Еуропа, Азия, ТМД мэрі, 15 саяси көсем, 1 Нобель сыйлығының лауреаты, 100 астам шетел спикерлері мен модераторлары, дүниежүзінің 60 ірі ТҰК.

Форум шеңберінде заманауи ғаламдық әлемде өсу мен инновацияның басты орталықтары ретінде қалаларды дамытудың өзекті мәселелері мен олардың рөлдерін талқылау жоспарлануда.

Сонымен бірге, ХХІ ғасырдың Жібек жолын сандық жүйеге көшірудің негізгі мәселелеріне, тұрақты дамуға, экономикалық теңсіздіктің қысқаруына, халықаралық сауданың жаңа ережелерінің контурын анықтауға, криптовалютаны, халықаралық іскерлік ынтымақтастық ұйымдарының жаңа форматын ұйымдастыру және реттеу, «Бір белдеу, бір жол» жобасын ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу мәселелеріне, сондай-ақ әйелдердің, жастар мен ҒӨҰ  проблемаларының маңызды іргелі мәселелерін шешуге арналған 20 тақырыптық іс-шаралардан тұрады.

 

 

 

Форум қорытындысы бойынша Жібек Жолы елдерінің қала мэрлерінің клубын және Жібек жолы елдерінің бизнесмендер қауымдастығын құру жоспарлануда. Сондай-ақ бірқатар келісімдер мен меморандумдар жасау жоспарлануда.

Қосымша ақпаратпен www.globalsilkroad.net  сайтында таныса аласыз.

 

 

Астана қаласы Әкімшілігінің баспасөз қызметі

 

astana.gov.kz

press@astana.kz

8(7172) 55-64-21, 55-64-22

 

G-Global Халықаралық хатшылығы:

 

Есекенова Жанетта                                               Сыздыкова Назира

Т.: 8 7172 701845                                                    Ж.т.: +7(717) 2 27 89 03

Моб. 8 708 303 0188                                               Ұялы тел.: +7 7014220824

e-mail: gglobal.org@gmail.com                              e-mail: n.syzdykova@group-global.org

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.