Басты бет /

Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер форумында ерекше байқау жеңімпаздары таныстырылды

04 Тамыз 2017
30
0

Болашақ энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика. Астанада осындай ұранмен екінші халықаралық әйелдер форумы шымылдығын түрді. Шараға әлемнің 10-нан астам елінен мәртебелі меймандар келді. Олар білген түйгендерін қазақстандықтарға үйретіп, «Coca-Cola белестерi» байқауының жеңімпаздарымен танысты. Елімізде әйелдер кәсіп­керлігін дамытуға бағыт­тал­ған бірнеше жоба бар. Соның бірі Coca-Cola компаниясы демеушілігімен өтетін байқау. Шара осымен 5-рет ұйымдастырылып отыр. Биыл бағын сынауға асыққандардың саны да көп. Алайда бизнес жобасы үздік деп танылған 10 қатысушы жеңімпаз атанып, 4 мың доллардың грантын жеңіп алды.  Солардың бірі талғарлық Татьяна Вехтомина. Александра Аккирман, Сoca-Cola компаниясының Орталық Азия мен Кавказдағы менеджері: - Жоба басьлған 5 жылдың ішінде 41 әйел яғни 41 жоба «Кока-кола қорынан» шағын және орта бизнес бойынша грантқа ие болды. Демек, тәуелсіз ұйым жыл сайынғы кірістің 1 пайызға жуығын әлеуметтік жобаларды қолдау мақсатында жұмсайды.  Сoca-Cola компаниясы жоба аясында 2012 жылдан бері 150 бизнес-тренинг өткізген. 650 әйел өз бизнесін дамытуға ниет білдіріп, байқауда бағын сынап көрген. Солардың 41-не компания тарапынан қолдау көрсетіліп, 166 мың доллар көлемінде грант бөлінген. Нәтижесінде 105 адам екі қолға бір күрек тапты. Салтанат Рахымбекова, «Жасыл экономика және G-Global дамыту үшін» коалициясының басқарма төрайымы:  - Қазір осы форум арқылы 50-70 әйелді бізге ұсынатын болса, олардың жетістіктерін көрсете алса,  біз 100 әйелlің кітабын шығарсақ деген ойымыз бар. Сoca-Cola 2020 жылға дейін бизнес-тренингтерге қатысуға мүмкіндік береді. Осылайша дүние жүзі бойынша 5 млн әйелді бизнеске тартуды жоспарлап отыр.  Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Ерлан Наурызбаев

Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/189808-khaly-araly-jelder-forumynda-erekshe-baj-au-zhe-impazdary-tanystyryldy
 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.