Басты бет /

Жаңалықтар

Қарағандыда «G- Global. 21 ғасыр әлемі» атты тұңғыш өңірлік форумы өтті

03 Сәуір 2017
172
3

Бұл мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2011 жылы құрылған жаңа байланыс платформасы. «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты және облыс әкімдігінің қолдауымен өткен щараға 500-ден астам адам қатысты

 

«G-GLOBAL»- жаңа ғасырдың қоғамдық дипломатиясы. Форумда бас қосқандар ел экономикасын көтеруді көздегендер мен ұлттық дәстүрді жаңғыртуды мықтап қолға алғандар. Әсіресе, «Әлем кілемі» атты Панно көпшіліктің достық пен бейбітшілікке бастар белгісі екенін аңғартты. Өңірлік форумның аймағымызда алғаш рет өткізілуінің де өзіндік ерекшелігі бар.  «G-Global» аясында бірнеше жобалардың тұсаукесері өтті.  Олардың бірі -«Аманат» бағдарламасы  Қарағандыда бүгін алғаш рет іске қосылды.   Оған елдің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріне үлес қосқан жандар қатысатын болады.

Әлия ҚАДРАЛИЕВА «Аманат» бағдарламасының бас сарапшысы

Әр өңірде қоғамдық  және ұйымдық кеңестер жеті номинация бойынша үміткерлерді анықтайтын болады. Басты мақсат адамдарды тек іріктеп алу ғана емес, жастарға да үйретуге бағытталып отыр.

Ал «Ұлы дала қазынасы» жәрмеңкесінде облыс шеберлері шығармашылық еңбектерін көпшілікке ұсынды. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де ерекше шараның бел ортасында болды. Қонақтарды тәнті еткен көрініс «Әлем кілемі» атты Панноның ұзындығы 17 метр.  Қарағанды чяда алғаш рет ұсынылған жұмысты жасауға 8 ай уақыт кетіпті. Авторы «Алтын Орда» дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада. Кілемге еліміздің барлық өңірлерінің қолөнер шеберлерінің туындылары қойылды.  «G-Global» форумы аясында ұсынылған жұмыстардың ішінде қарағандылық өнертапқыштардың жобалары да жоғары бағаға ие болды. Олардың көпшілігі Астана қаласында өтетін халықаралық  ЭКСПО-да аймақтың атынан ұсынылатын болады. Қызу тірлікпен қолға алынған бастама «Жасыл инновация» тақырыбын қамтыды. Сондай-ақ, форум барысында Елбасы кітабының тұсаукесері және тапсыру сәті салтанатты түрде өткізілді. Қонақтар бұдан бөлек бірнеше маңызды тақырыпты қамтыған сессияға қатысуға мүмкіндік алды. Онда тұрақты экономика мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне әзірлік барысы айтылды. «G-Global» жобасының басты мақсаты әлемде тынықтық пен қауіпсіздік орнату болып қала бермек.

Дереккөзі: http://kartv.kz

Версия для печати
Пікірлер 3 Пікір қосу
21.04.2017 11:21:38
керемет
27.04.2017 11:49:37
Тух
10.05.2017 15:05:35
қосыламын