Басты бет /

Жаңалықтар

Қазақстан таңдауы – қауіпсіз әлем

31 Тамыз 2017
280
0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ-нің Т мен байытылған уран банкінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспас з қызметі. 

Рəсім барысында Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің бас директоры Ю.Аманоға Үлбі металлургия зауы- тының аумағында орналасқан Төмен байытылған уран банкінің символдық кілтін табыс етті. Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде бүгінгі шараның Қазақстан мен бүкіл əлемдік қоғамдастық үшін маңызы зор екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев тəуелсіздік жылдарында Қазақстан əлемнің яд ролық қаруы бар төртінші елінен оны таратпау жағынан жаһандық көшбасшы мемлекетке айналғанға дейінгі қарқынды даму жолынан өткенін айтты.

– Осы күні, 1991 жылғы 29 тамызда менің Жарлығыммен əлемдегі ірі полигон – Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Бүгінде бүкіл əлем 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде атап өтеді. Қазақстанда қуатты ядролық қарудың болуы тағы бір мəселе болды. Қазақстан іс-əрекеті арқылы ядролық арсенал проблемасымен бетпе-бет келген басқа да елдерге жол көрсетті, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан МАГАТЭ-ге Төмен байытылған уран банкін орналастыруға мүмкіндік беріп, ядролық отынды таратпау жөнін дегі режімді нығайтуға жəне оны қауіп сіз жеткізудің бірегей тетігін қалып тастыруға елеулі үлес қосқанын айтты. – Төмен байытылған уран банкі МАГАТЭ-нің толық бақылауымен жұмыс істеп, ресми түрде оның заңды мен шігінде болатынын атап өтемін. Сондықтан, МАГАТЭ басшылығына жəне Банк донорларына осы маңызды жо баға зор үлес қосқаны үшін ризашылық білдіремін, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы ядролық энергетиканы дамытудың өзектілігіне на- зар аударып, оны əрі қарай жаң ғыртудың перспективаларына тоқталды.

– Біз – ірі уран өндірісімен айналысатын елміз жəне əлемдік энергетикада маңызды рөл атқаруға əзірміз. Сондай- ақ, Қазақстан жаһандық «жасыл» тренд арнасында тұр. Сондықтан біз Астанада болашақтың энергиясына арналған халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізіп жатырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Жаһандық проблемалар жөніндегі Пагуош ғалымдар қозғалысының 62-сессия сына қатысушыларды осы қозғалыстың 60 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мемлекет басшысы ядролық қарудың таралу мəселелеріне жəне адамзат үшін оны қолданудың қауіпті салдарларына тоқталды. – Ядролық қару – бүкіл адамзатқа төн ген тажал. Əлемнің тоғыз мемле- кетінде 16 мың ядролық қару бар. Алай да, осы арсеналдың жарты пайызы климатты өзгертіп, жаһандық аштыққа ұрындыра алады. Бұл өз-өзімізді жою дегенді білдіреді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті негізгі ядролық державалар арасындағы сенім деңгейінің төмен екенін, соның нəтижесінде əлемдік қоғамдастықта  жаһандық ядролық қауіпсіздік мəселелері бойынша бірліктің болмай отырғанын айтты. – Қазақстан өз таңдауын жасады. Біз ядролық қарусыздану мен жаһандық ядролық қауіпсіздікті дəйекті түрде жақтаймыз. Бұл ретте, біз ядролық қауіпсіздік тек əмбебап əрі ешкімді кемсітпейтін болуы керек деп есеп тейміз. 190-ға жуық елді біріктіретін G-GLOBAL бастамасы осыған бағытталған, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ пен Ресей арасындағы санкциялық қарсылықтың күшеюіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, сауда-экономикалық шиеленістердің күш қолдануға ұласуын бол дырмаудың маңыздылығын атап өтті. – ХХІ ғасырдағы тұрақтылық пен ядролық қауіпсіздік, ең алдымен, ресми ядролық державаларға байланысты болады. Адамзат үшін олардың арасындағы қарым-қатынастың маңызы өте зор. Корей Халық Демократиялық Республикасына қатысты ахуалға келсек, біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2371-қарарын табанды түрде қолдаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы халықаралық қа­ рым-қатынастардағы саяси сенім мен жү­ йелі диалогты қалпына келтіру қажеттігін атап өтіп, Қазақстанның әлемдік пробле­ маларды шешудегі үлесі жөнінде айтты.

– Біз бітімгерлік бағытты одан әрі қол­ дап, жалғастыруға дайынбыз. Атап айт­ қанда, Қазақстан Украинаның оңтүстікшығысындағы дағдарысты реттеу жөнін­ дегі диалогқа ықпал етуге әзір. Біз тарап­ тарды қақтығысты еңсеру жолын табуға шақырамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті қалыптасқан жаһандық ахуалды ескере отырып, ядролық қауіпсіздіктің жекелеген мәсе­лелерін шешу мақсатымен бірқатар идея­лар ұсынды.

– Біз Ядролық қаруды таратпау тура­ лы шарт өзіне артылған үмітті ақтамай отырғанын бірнеше рет айттық. Атап айтқанда, «ядролық клубтағы» елдер өз еркімен ядролық бағдарламалар ту­ралы мәлімет бермейді. Ал, өзге елдер МАГАТЭ-ге толық ақпарат ұсынуда. «Ядролық бестік» пен басқалардың арақатынасындағы теңсіздікті жою қажет. 2020 жылы әлемдік қоғамдастық Ядролық қаруды таратпау туралы шарт­тың күшіне енуінің 50 жылдығын атап өтеді. Осы мерзімде Ядролық қаруға толықтай тыйым салу туралы шарттың қабылдануы үшін бірлесе күш жұмыл­дырайық, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзіндегі барлық ядролық мемлекеттің мәртебесін заңдастырып, Ядролық қаруы бар елдердің саммитін өткізуді ұсынды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті ядролық технологиялары бар, бірақ Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қол қоймаған немесе ра­тификацияламаған бірнеше елдерді атап өтіп, олардың көшбасшыларын кеше­ уілдемей осы шартқа қосылуға шақырды. – Ядролық қарудан азат аймақтар құру – оның таралуымен күрестегі тиімді құралдардың бірі. 2009 жылғы наурызда Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарт күшіне енді. Ядролық қарусыз аймаққа кіретін барлық мемлекеттің күшін біріктіруді ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруға қарсы қозғалыс мәселесі бойынша барлық жаһандық бастамалар­ ды біріктіруді ұсынып, Қазақстанның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитті жаңарту үдерісіне бастамашы болуға және оның отырысын Астанада өткізуге әзір екенін айтты. – Мен БҰҰ Бас Ассамблеясының 7 0 - с е с с и я с ы н д а ұ й ы м н ы ң 1 0 0 жылдығына ядролық қарусыз бару тура­ лы бастама көтердім. Онда баяндалған барлық тармақтар әлемнің БҰҰ-ның 100 жылдығын ядролық қарусыз қарсы алуы­ на бағытталған. Біз үлгі көрсете отырып, ядролық қаруға ұмтылған елдерді бұл қауіпті жолдан шығуға шақырамыз, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы жаһан­ дық ядролық қауіпсіздікті сақтаудың қа­ жет екенін айтып, Қазақстанда ашылған Төмен байытылған уран банкі тек бейбіт атомға ғана арналатынын атап өтті.

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

Ақпарат көзі: https://egemen.kz/

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.