Басты бет /

Жаңалықтар

Қазақстандағы және шет елдердегі корпоративтік менеджменттің өзекті сауалдары

27 Қаңтар 2017
48
0

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

 «G-Global» интерактивті алаңы

«Қазақстандағы және шет елдердегі корпоративтік менеджменттің өзекті сауалдары»

Алматы, 30 қаңтар 2017 жыл

30 қаңтар 2017 жылы Экономика және бизнес Жоғары мектебінде «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен «G-Global» интерактивті алаңындағы «Айдың тұлғасы» жобасының аясында «Қазақстандағы және шет елдердегі корпоративтік менеджменттің өзекті сауалдары» тақырыбындағы онлайн видеоконференция ұйымдастырылады.

Онлайн видеоконференцияның мақсаты Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі корпоративтік басқарудың өзекті мәселелерін талдау мен зерттеу және корпоративтік менеджменттің дамуындағы экономикалық және құқықтық белестердің ықпалын төмендетуге мүмкіндік беретін ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Интерактивті диалог пен дискуссия барысында корпорация мен корпоративтік менеджменттің негізгі сипаттамасын қарастыру және оның мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын іске асырудағы, сондай-ақ экономикалық дамуындағы орнын айқындай отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланған.

Видеоконференцияда қарастырылатын сұрақтар:

- корпоративтік менеджмент жүйесінің дамуындағы құқықтық және экономикалық белестер;

- жеке корпорацияларға қолданылатын тәжірибенің мемлекеттік компанияларға таралу мүмкіндігі

- Дағдарыстың циклдігі мен болмай қалмаулығы және оның корпорацияға ықпалы;

- Акционер болып табылмайтын стейкхолдерлердің корпоративтік басқарудағы ролі мен дивиденттерді төлеудегі мәселелер.

Онлайн видеоконференцияның қатысушылары: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар; General Director of the Munich Center for Intercultural Communication, (Munich, Germany) Dr. K. Schamber, Igor Fernandez Plazaola – Building Engineer, lecturer of The Technical University of Valencia, Valencia (Spain), Shohrud Farmanuly - Associate Professor of the Tashkent State University of Law (Узбекистан), Zhalelkanova Nurgul – PhD student Pamukkale Üniversitesi (Турция); Saltanat Khudaybergenova – scholar of the program «Bolashak», master in Education Management, he George Washington University, PhD student of 1st course of Innovative management.

Өткізілетін орны:  Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, ректорат 306-кабинет, 15.00 (Астана уақытымен) 

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:  +7 (727) 377 33 35 (14-95) и (12-48),

 

Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ  

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.