Басты бет /

Жаңалықтар

Қазақстандық жаңа медиа жүйелері

12 Қазан 2017
1021
0

2017 жылғы 15 қазанда сағат 18.30-да G-global коммуникативтік платформасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті және Огайо университетінің Медиа өнер мектебімен (АҚШ) бірлескен «Қазақстандық жаңа медиа жүйелері» атты  халықаралық онлайн-конференция өтеді.

Конференция аясында Қазақстан Республикасындағы жаңа медиа даму мәселелері және Огайо университетінің Медиа өнер мектебімен (АҚШ) сандық технологияны қолданудың озық тәжірибелері, сонымен қатар журналистік білім беруде жаңа ақпараттық технологияны қолдану тәжірибелері жайлы пікір алмасу күтілуде.

Конференция ұйымдастырушысы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті деканының орынбасары Мысаева Қарлыға және Огайо университетінің Медиа өнер мектебі (АҚШ).

Конференцияға қатысушылар отандық жоғары оқу орындары оқытушылары мен ғалымдары және жетекші шетелдік университет профессорлары.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушы жоғары оқу орындары арасында өзара ынтымақтастық пен қарым-қатынас аясын кеңейту қарастырылуда.

Байланыс тел.: 8 701 325 72 74

e-mail: myssayeva.kn@gmail.com

 

 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.