Басты бет /

Жаңалықтар

Көкейімде жанар жұлдыз

31 Тамыз 2017
256
0

2017 жылдың 29 тамыз күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Семей ядролық полигонының 26 жыл бұрын жабылғанына және халықаралық ядролық сынақтардың қарсы күніне арналған "Көкейімде жанар жұлдыз" ("Свет моей надежды") атты шара өтті.

«РУХ» қоғамдық қорының директоры, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов өзінің құттықтау сөзінде әрбір қазақстандық өз елінің тағдырына бейжай қарай алмайтынын, өйткені 40 жыл бойы Семей жерінде жасалып келген сынақтың зардабы жайлы,  қазақ жері мен халқына төндірген қатерлі радиациялық көріністің бүкіл әлем халқын шошытқаны және келер  ұрпақтың болашағына алаңдаудың негізгі себеп-салдарларын айтып  берді.

Жиында ұйымдастырушылар атынан сөз алған G-Global хатшылығы басшысының кеңесшісі Бақытбек Нұғыманов, тағы басқалар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға Норвегиялық Bike of Peace ("Велопробег за мир") ұйымы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық әкімдігі, т.б. ресми түрде қолдау білдірген. 

Іс-шараның әріптестік серіктестіктері: Халықаралық «Семей-Невада» антиядролық қозғалысы, БҰҰ Қазақстан Республикасындағы қауымдастығы және басқалар. 

Шара соңында қатысушылар арнайы қарар қабылдап, бірқатар жандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ақпарат көзі: Баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.