Басты бет /

Жаңалықтар

Конституциялық реформа еліміздің тұрақты дамуының маңызды факторы ретінде

07 Ақпан 2017
92
0

2017 жылғы 7 ақпанда ҚР БҒМ ҒК Экономика институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 25 қаңтардағы Үндеуін талқылауға арналған «Конституциялық реформа еліміздің тұрақты дамуының маңызды факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. 

Елбасы ұсынып отырған Конституциялық реформа қоғамдағы демократиялық процесстерді дамытудың, қазіргі замандағы жаңа құбылыстарды есепке алғанда саяси жүйені ары қарай жаңғырутудың діңгегі бола отырып, басқару жүйесі тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ширек ғасыр уақыт ішінде дамушы инновациялық-бағдарлы экономикасы бар тәуелсіз мемлекет құрылды. Қазақстан әлемдік қауымдастықтарға табысты ықпалдасуда. Жаһандық сын-тегеуріндердің ықпалымен мемлекеттік басқару жүйесі де сәйкесінше өзгеріске ұшырауда. Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам – Ұлт жоспарына сәйкес республика Үкіметіне қосымша өкілеттіктер беріледі. 

Дөңгелек үстел жұмысы шеңберінде институционалдық реформаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарын және халық сұранысы мен қажеттіліктеріне неғұрлым толық жауап беретін тиімді де, тұрақты және инновациялық құрылым қалыптастыру; экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудағы парламент пен үкімет рөлін арттыру; алдағы  біраз уақытқа дейін  беріктілік қоры бар әлемдік тәжірибеге сүйенетін оңтайлы мемлекеттік құрылым моделін іздеу жолдарын тылқылау көзделіп отыр.

Дөңгелек үстел жұмысына атақты отындық ғалымдар, мемлекеттік басқару органдары өкілдері, жоғары оқу орындары жетекшілері қатысады.

 

Дөңгелек үстел жұмысының басталу уақыты сағ. 11.00, қатысушыларды тіркеу  сағ. 10.00.

 

Мекен жайымыз: 050010, Алматы қ.,

Құрманғазы көшесі, 29, Экономика институты,

2-қабат, Мәжіліс залы. 

Анықтама телефондары:

+7 (727) 261-77-21; +7 (727) 261-01-75;

e-mail: ieconomkz@gmail.com

 

 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.