Басты бет /

Жаңалықтар

Кәсіпкер Семей полигонының салдарынан зардап шеккен балаларға шағын автобус сыйлады

31 Тамыз 2017
234
0

Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккен балаларға кәсіпкер микроавтобус сыйлады. «Береке&Бірлік» халықаралық инвестициялық платформасының негізін қалаушы Бақытбек Нұғыман полигонның жабылуының 26 жылдығы мен халықаралық антиядролық сынаққа қарсы іс-қимыл күніне арнап, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Оның аясында Семей, Петропавл, Шымкент, Талдықорған, Щучье қалаларынан 3 пен 30 жас аралығындағы ядролық жарылыстан зардап шеккен 58 мүмкіндігі шектеулі жан Астанаға келіп, демеушілердің қолдауымен EXPO көрмесін аралады.  Бақытбек Нұғыман, «Береке&Бірлік»  халықаралық инвестициялық платформасының негізін қалаушы: - Олар енді осындай жағдай болғаннан кейін, ЭКСПО-ны көре алмай, не то что ЭКСПО, қаладан да шыға алмай жатқан жайлары бар. Соларды әкеп ЭКСПО-ны көрсетіп, содан кейін енді соларға бір көлік сыйлап жатырмыз. Енді ол ауылды жерде тұрғаннан кейін олардың өздерінің қарым қатынастарына өте қиын екен да. Таситын көліктері жоқ. Мектепке бара алмай, қимылдай алмай қалады.

Ақпарат көзі: http://24.kz/kz

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.