Басты бет /

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН G-GLOBAL ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАТШЫЛЫҒЫ ӘРІПТЕСТІК-ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

23 Ақпан 2016
111
0
Қызылорда облысы мен G-Global Халықаралық хатшылығы арасындағы келісім негізінде ортақ жобаларды жүзеге асыру көзделген. Негізгі бағыт жасыл экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен өңірге инвестиция тарту. Инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру. Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы Қызылорда облысының үздік инновациялық жобаларын насихаттау. 
- G-Global – Елбасының бастамасымен құрылған ұйым. Оның негізгі мақсаты халықаралық проблемаларды талқылап, оны шешу жолдарын қарастыру. Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференциясы сияқты ауқымды шараларды өткізуге атсалысқан. Сондықтан бүгінгі меморандум аясында біз де G-Global Халықаралық хатшылығымен бірлесіп, ортақ жобаларды жүзеге асырамыз деп сенемін, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 
- Қызылорда облысында атқарылған жұмыстар, жүзеге асырылуы жоспарланған жобаларды көріп, қуанып отырмын. Екіжақты меморандумды жүзеге асыру үшін арнайы Жол картасы қабылданатын болады. Яғни, бірлесіп атқаратын жұмысымызды айқындап аламыз. Негізгі мақсатымыз – Сыр өңіріне инвестиция тарту, «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы Қызылорда облысының үздік инновациялық жобаларын насихаттау, - дейді G-Global Халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков. 
 
Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.