Басты бет /

Жаңалықтар

Онлайн-конференция «Инновациялық менеджмент және кәсіпкерлік: өндірісті әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру

20 Ақпан 2017
167
0

Экономика факультеті

«Менеджмент» кафедрасы

 

           

2017 жылы 22 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Экономика факультетінің «Менеджмент» кафедрасы «G-Global» ақпараттық-коммуникативтік алаңында «Инновациялық менеджмент және кәсіпкерлік: өндірісті әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізеді.

 

Онлайн-конференцияның модераторы - Толысбаев Бауыржан Советұлы, э.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі.

 

Конференция барысында келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  1. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы
  2. Экономиканың технологиялық жаңғыруы
  3. Бизнес-ортаны қалыптастыру және жаппай кәсіпкерлікті дамыту
  4. Адами капиталдың сапасын арттырудағы білім беру жүйесінің рөлі  

 

Онлайн-конференция қатысушылары: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ-сы), Новосибирск мемлекеттік университеті (РФ, Новосибирск қ-сы), «Экономика жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университеті (РФ, Санкт-Петербург қ-сы), Шакарим атындағы мемлекеттік университеті (Семей қ-сы), Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Атырау қ-сы)

 

Өтетін орны: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ОӘҒ 303 кабинет, сағат 15.00 (Астана уақыты)  

 

Қосымша сұрақтар бойынша тел.+7 (717) 2709500 (32104)  немесе  tolysbaev_b@enu.kz 

 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.