Басты бет /

Жаңалықтар

ПРЕСС-РЕЛИЗ. Дөңгелек үстел «Стандартталған пациент» әдістемесінің енгізілуі және дамуы

31 Қаңтар 2017
421
0

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы  «G-global» коммуникативтік алаңында видеоконференция түрінде дөңгелек үстел өткізеді

«Стандартталған пациент» әдістемесінің енгізілуі және дамуы

                                                                            

Өткізілетін күні: 31-ші қаңтар 2017 ж.

Өткізілетін орны: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Шымкент қаласы, Аль- Фараби алаңы - 1, басты корпус.

Қатысушылардың тіркелуі: 14.30- 15.00

Басталуы: 15.00 – 16.00

           Қазіргі таңда оқу-әдістемелік үрдістердің тиімділігін арттыру және оңтайландыру үшін оқу әдістемесі тек қана білімге емес, сонымен қатар білім – дағдыға үйрететін бағдарламаларды іске асыру керек. Осы талаптарға  «Стандартталған пациент» әдістемесі толық сәйкес келеді.

         «2016-2019 ж.ж. медициналық білімді жаңғырту» жобасын іске асыру жол картасында  «Стандартталған пациентті»  дайындау бағдарламаларын енгізу және деректер базасын қалыптастыру қарастырылған.

         ҚР медициналық жоғары оқу орындарында «Стандартталған пациент» әдістемесін қолдану симуляциялық оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістеме студенттердің науқастармен жүргізілетін жұмысқа үйрету және  автоматизм деңгейіне жеткізу үшін қажет. Осымен  білім алушыларда тәжірибелік дағдылар және науқас, оның туыстарымен нәтижелі сұхбаттасу үшін коммуникативті дағдылары толық қалыптасады.

Дөңгелек үстел басында білімнің соңғы нәтижелеріне бағытталған «Стандартталған пациент» әдістемесінің компентентілігімен және білім алу деңгейлеріндегі осы әдістеме бойынша бағалау әдістері талқыланады. Видеоконференцияға қатысушылар «Стандартталған пациент»  әдістемесін енгізу және дамыту бойынша тәжірибелерімен бөліседі. Талқылауға  ОҚМФА ПОҚ-ы және ҚР медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады.

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.