Басты бет /

Жаңалықтар

ПРЕСС-РЕЛИЗ. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылауға орайластырылған «Қазақстан экономикасының технологиялық жаңғыру мәселелері» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізеді

01 Ақпан 2017
646
0

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

Ғылым комитеті

Экономика институы

 

 

 

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

2017 дылғы 1 ақпанда ҚР БҒМ ҒК Экономика институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылауға орайластырылған «Қазақстан экономикасының технологиялық жаңғыру мәселелері» тақырыбында Дөңгелек үстел өткізеді. 

Ғылыми жұршылық  алдында тұрған Елбасының Қазақстанның үшінші жаңғыруының бес басымдықтарын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясындағы ауқымды мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы;
  • жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру;
  • экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауы;
  • аграрлық сектор экономиканың жаңа драйвері ретінде;
  • жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту.

Дөңгелек үстел жұмысына атақты ғалымдар, мемлекеттік басқару органдары өкілдері, сарапшылар, жоғары оқу орындары, колледждер жетекшілері және басқалар қатысады.

Аталмыш іс-шараны бұқаралық ақпарат құралдарында және           «G-Global» коммуникативтік алаңында баяндау болжануда.

 

Дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Дөңгелек үстел жұмысының басталу уақыты 2017 жылдың 1 ақпаны,  сағ.11.00

 

 

Мекен жайымыз: 050010, Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 29,

ҚР ҒБМ ҒК Экономика институты,

Мәжіліс залы, 212 каб. 

 

Анықтама телефондары:

+7 (727) 272-05-40; +7 (727) 261-01-75;

e-mail: office@ieconom.kz.

 

 

 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.