Басты бет /

Жаңалықтар

ПРЕСС-РЕЛИЗ Әйелдер мен қыздардың ғылымдағы халықаралық күні 2017

14 Наурыз 2017
31
0

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Әйелдер мен қыздардың ғылымдағы халықаралық күні 2017

Ұйымдастырушылар: ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы, БҰҰ-Әйелдермен, БҰҰ әлеуметтік ақпарат департаментімен бірігіп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы.

Уақыты: 15 наурыз 2017 ж., 14.00-17.00;

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби кітапханасы, 4 қабат.

 

Әлемге ғылым қажет, ал  ғылымға әйелдер қажет. Әйелдер мен қыздардың ғылымға толық және теңдей қолы жетуі үшін, сондай-ақ гендерлік теңдік және әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында, 2015 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы әйелдер мен қыздардың ғылымдағы  Халықаралық күні ретінде 11-ші  ақпанды жариялау туралы резолюция  қабылдады.

Әйелдер жөніндегі IV Дүниежүзілік конференциясының нәтижесі бойынша  платформасының қызметі және Пекин декларациясын қабылдағаннан 20 жылдан кейін, әйелдер әлі де ғылымда жеткіліксіз болып табылады. ЮНЕСКО-ның соңғы ғылым есебіне сәйкес, әйелдер бүкіл әлем бойынша ғалымдардың тек 28 пайызын ғана құрайды,  бұл алшақтықты шешім қабылдаудың ең жоғары деңгейінде тереңдетеді.

Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған әйелдер мен қыздардың ғылымдағы Халықаралық күніне орай Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2017 жылдың 15 наурызында іс-шара өтеді. Іс-шараның бағдарламасы ғылымда әйелдерді қолдауға бағытталған бастамалар мен ғылыми зерттеулер, бағдарламалар туралы насихаттауды ұлғайтуға және әйелдерді олардың ғылыми зерттеулерінде ынталандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ғылымды дәріптеуге және  осы салаға жастарды тартуға бағытталған. Іс-шара барысында әйел-ғалымдар туралы  деректерге шолу және салалар бойынша  олардың белгілі бір аймақтарда және елдерде, соның ішінде Орталық Азиядағы қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қатысушылардың арасында жаратылыстану ғылымдарының, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар мен студенттер болады. Іс-шараның бағдарламасы аясында гидрология, гляциология, химия, биология, география және т.б. ғылым салаларының әйелдер қауымының өкілдерімен әңгіме (панельдік талқылау форматында) ұйымдастырылатын болады. Дөңгелек үстел қатысушыларына, әсіресе, студенттер мен жастардың  ғылым саласында мансап құру және онымен байланысты мүмкіндіктер туралы сұрақтар қоюға мүмкіндігі бар.

 

 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.