Басты бет /

Жаңалықтар

Пресс-релиз.«Орталық Азия 2017 ж. : жаңа парадигмалар мен болашағы»

27 Ақпан 2017
37
0

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«G-Global» интерактивтік алаңы

 

«Орталық Азия 2017 ж. : жаңа парадигмалар мен болашағы»

 

Алматы, 2017 жыл 27 ақпан

 

2017 жылдың 27ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих, археология және этнология факультеті, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы Қазақстан Рсепубликасының 25 жылдығына және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жыл сайынғы халыққа жолдауын талқылауға арналған «Орталық Азия 2017 ж. : жаңа парадигмалар мен болашағы» атты ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізеді.

Аталған онлайн-конференция «G-Global» интерактивті алаңында өтеді.

Халықаралық онлайн конференцияның мақсаты: онлайн жүйеде Орталық Азия аймағындағы қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және т.б. мәселелерді, сонымен қатар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы жылғы халыққа жолдауын ғалымдар, оқытушылар, мамандар, докторанттар және магистранттармен бірлесіп талқылау.

Халықаралық онлайн конференцияда келесідей мәселелер қарастырылады:

  • Орталық Азия аймағындағы қазіргі кездегі жағдай (саяси, әлеуметтік-экономикалық және т.б. мәселелер)
  • Орталық Азиядағы этникалық және көші-қон мәселелері
  • АҚШ Президенті Дональд Трамптың билікке келуімен және И.Кармиовтың дүниеден өтуіне байланысты аймақтағы жағдай өзгереді ме? Өзгерсе неліктен?
  • 2017 жылы және болашақта аймақтың даму үдерісіне байланысты жағымды және жағымсыз (аймақтық, мемлекетаралық, халықаралық аспектілері) қандай жағдайлар күтіледі? 
  • Орталық Азия аймағындағы жаңа бағыттардың даму болашағы және алдағы мәселелерді шешу жолдары

Сонымен қатар, біздің аймаққа қатысты басқа да мәселелерді талқылау қарастырылады.

Халықаралық онлайн конференцияның қатысушылары: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультеті, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы оқытушы-профессорлар құрамы және жас ғалымдар, Қазақстан, АҚШ, Тәжікстан, Қытай, Қырғызстан және Ауғанстан  ғалымдары, докторанттары және магистранттары.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын және орыс.

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби_даңғылы-71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің №306-308 кабинеті (ректорат), (Астанa уақыты бойынша)  сағат_13.00-де.

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыздар: +7(701) 7100507,  gmendikul@hotmail.com

 

 

 

 

Құрметпен ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.