Басты бет /

Жаңалықтар

ШЫҰ Павильоны ЕХРО-2017 көрмесінде Қазақстан балаларына

27 Тамыз 2017
198
0

ШЫҰ елдерінің бірлескен қайырымдылық науқаны ШЫҰ елдері халықтарының достық және өзара түсініспеншілік қарым-қатынасының көмегімен ШЫҰ бірлескен қайырымдылығы идеясын алға жылжыту үшін өткізіледі. Қазіргі уақытта Қытай ШЫҰ-ның төрағасы ретінде әрекет етеді.

Науқанның ұйымдастырушылары болып Астанадағы ЭКСПО-2017 ШЫҰ павильонының ұйымдастырушы комитеті, G-Global Халықаралық Хатшылығы және EXPO&WOMEN Халықаралық ұйымы болып табылады.

Сонымен қатар ШЫҰ қайырымдылық науқанына Қазақстан мен Қытайдың іскер әйелдері қатысады.

Науқан «Мектепке жол» республикалық науқанының шеңберінде Астана қаласы және ауылдық жерлердегі 125 көпбалалы  және мұқтаж отбасы балалары, балалар онкологиясы медициналық орталығында тіркеуде тұрған ерекше мұқтаждықтары бар балалар үшін өтеді және 6 күн бойы өткізіледі (27 тамыздан 1 қыркүйекке дейін).

Күн сайын балалар үшін келесі іс-шаралар өткізіледі:

  1. Мәдени және ойын-сауық бағдарламасы, ШЫҰ қызметімен танысу мақсатында павильон ішінде экскурсия;
  2. Мектепке арналған сыйлықтарды ұсыну;
  3. Түскі ас;
  4. «Нұр Әлем» қазақстандық павильонында экскурсия.

 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.