Басты бет /

Жаңалықтар

Жаһандану идеясының серіппесі

03 Сәуір 2017
648
0

Жаһандану идеясының серіппесі  

Өткен жұма күні Қарағандыда «G-Global» Ха­лық­аралық хатшылығы, «Адамдардың елеулі же­тіс­тіктері» қоғамдық қоры өкілдерінің, Парламент Мә­жі­лісі депутаттарының қатысуымен, «Нұр Отан» пар­тиясы, сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімдігінің қол­дауымен «G-Global: ХХІ ғасыр әлемі» атты бірінші өңірлік форум өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «G-Global: XXI ғасыр әлемі» кітабындағы «G-Global бастамасы адамзат тағдыры туралы ғалам­дық пікірталасты өзекті етуге,  қазіргіден де қауіпсіз әлем­дегі  прогресс пен болашақ үшін сын­дарлы негізде барлық озық күштерді біріктіруге қабілетті» деген  байсалды пікірі  бүгінде жа­һан­дану идеясына айналған. Соның сәтті көрінісі аталмыш форум аясында жан-жақты айқын­далды. Негізгі сегіз бағыттан тұ­ра­тын форумның басты оқи­ға­сы – «Аманат» сыйлығы­на кандидаттарды іріктеу. Қыз­меті жалпы адами құнды­лық­тарды нығайтуға септігін ти­гізетін адамдардың әлеумет­тік-экономикалық және қоғам­дық өмір саласында елеу­лі үлес қосқаны үшін табыс­та­латын сыйлықтың жеңімпаз­дары тамыз айында ЭКСПО-2017 ха­лықаралық мамандан­ды­рылған көрмесі аясында марапатталатыны форум аясында ресми жарияланды. Келелі кеңесті ашып, форум жұ­мысына сәттілік тілеген ай­мақ басшысы Ерлан Қошанов Ел­басы ұсынған «G-Global» баста­масына бүгінде әлемдік сая­си инс­ти­туттар, жаһандық саясат­кер­лер, Нобель сыйлы­ғының лауреаттары, ықпалды сарап­шылар оң пікір білдіріп отыр­ғанына тоқталды.

Миллион­даған пайдаланушылар «G-Global» платформасына кіруде. Ал, оның идеялары орыс, ағыл­шын, неміс, басқа да Еуропа тіл­деріне аударылды. Бұның өзі игі бастаманы жан-жақты қол­­дауды көрсетеді, деді әкім.   Форум міндеттеріне сәйкес,  G-Global халықаралық жобасын ілгерілету – Елбасының «G-Glo­bal: XXI ғасыр әлемі» кітабы­ның тұсаукесерін өткізу, ЭКСПО-­2017 халықаралық көрме­сін және «Жасыл көпір» әріп­тес­тік бағдарламасын насихаттау бол­мақ. Іс-шараға  800-ден астам адам қатысып, форум делегат­тары Қазақстан халқы Ассам­блея­сының қазақтың бай мәдениетіне арналған «Ұлы Дала қазынасы» атты көрмесін тамашалады. Сон­дай-ақ, жиын барысында «Әлем­дік кілем» ерекше панносы таныс­тырылды. Онда жасы, этносы және діни нанымдары әртүрлі қолөнер шеберлерінің еңбектері көпшілік назарына ұсынылған. Мирас Асан, "Егемен Қазақстан"

Толығырақ: https://egemen.kz/article/zhahandanu-ideyasynynh-serippesi
 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.