Басты бет /

Жаңалықтар

«Жаһандану жағдайындағы этномәдени дәстүрлердің трансформациясы және ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХI ғасырдың басындағы ақпараттық технологияның дамуы»

13 Наурыз 2017
507
0

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

«G-Global» интерактивті алаңы

«Жаһандану жағдайындағы этномәдени дәстүрлердің трансформациясы және ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХI ғасырдың басындағы ақпараттық технологияның дамуы»

Алматы, 14 наурыз 2017 жыл

 

2017 жылы  14 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  Тарих, археология және этнология факультеті археология, этнология және музеология кафедрасы «G-Global» интерактивті алаңында «Жаһандану жағдайындағы этномәдени дәстүрлердің трансформациясы және ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХI ғасырдың басындағы ақпараттық технологияның дамуы» атты халықаралық онлайн конференция (вебинар) өткізеді.

Онлайн конференция (вебинар) мақсаты:

Ғалымдардың, оқытушылардың заманауи жағдайдағы, ақпараттық технологиялардың жылдам дамуы жағдайындағы этномәдени дәстүрлердің трансформациясының өзекті мәселелерін талқылауы, негізгі сұрақтарға онлайн ортада жауаптарын іздеу.

Конференцияда (вебинар) қарастырылатын мәселелер: Заманауи өркениет жағдайындағы этномәдени құндылықтардың мәселелері, олардың ауысуы, қолданылуы, игерілуі. Этномәдени құндылықтар этникалық субъектің өркениеттегі тіршілік тәжірибесі шоғырланатын дәстүрлі және инновациялық элементтердің өзіндік үйлесуін білдіреді.

Онлайн конференцияға (вебинар) қатысушылар:  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультеті археология, этнология және музеология кафедрасының, И.Н. Ульянова атындағы Чуваш мемлекеттік университеті археология, этнография және аймақтық тарих кафедрасының, Армения Республикасының Ұлттық ғылым Академиясы археология және этнология институтының ОПҚ және жас ғалымдары.

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы-71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тің тарих, археология және этнология факультеті № 306-308 кабинет (ректорат), (Астанa уақыты бойынша)  сағат 13-00 -де.

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыздар:

+77772177045 немесе shalginbaevash@qmail.com

 

 

Құрметпен ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.