Басты бет /

Жаңалықтар

Жібек жолының жаңғыруы

23 Маусым 2018
72
0

 

Ұлы Жібек бойында орналасқан қалалардың басшылары Астанада бас қоспақшы. Әрісі Еуропа, берісі Орталық Азиядан жиналатын әкімдер мен белді сарапшылар 2 күн бойы ақылды шаһарлардың тұрақты дамуы мен цифрландыру тақырыбында пікір алмасады. Қазір елорда бұл  басқосуға қызу дайындалып жатыр.

Шілденің 2 мен 3 аралығында өтетін «Global Silk Road» форумына қазірдің өзінде 60 елден 2000-нан астам қатысушы өтініш берген. Олардың ішінде Жібек жолы өтетін қалалардың мэрлері де бар.

МҰРАТ КӘРІМСАҚОВ, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясының төрағасы:

– Бангкок және Анкара қаласының. Сонымен қатар Омск қаласы. Біздің Орталық Азияның қалаларының басшылары келеді. 5-6 министрдің қатысуымен өтеді біздің форум.

Форумның басты тақырыбы - смарт қалалардың дамуы болмақ. Бұл ретте, Blockchain, цифрландыру мәселелеріне басымдық беріледі. Тақырыптың өзектілігін арттыру үшін белді телешоуларға түсіп, бірқатар сарапшылармен пікір алмасуымен танылған адам тектес робот шақыртылыпты.

МҰРАТ КӘРІМСАҚОВ, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясының төрағасы:

– Бүгінгі кезде ең танымал гуманоид - робот София келетін болды. Үлкен пленарлық отырыстың спикері болады және құрметті қонақтарымыздың және модераторлардың сұрақтарына әдемілеп жауап береді.

Бұдан бөлек, форум аясында «Жібек жолының алтын көпірі» сәулет кешенінің іргетасы қаланбақ. «Жібек жолы» елдерінің бірлігін арттыруға бағытталған халықаралық жиынды жылда өткізіп тұру көзделген.

Бақытнұр Әлібай, Дидар Елеуов

Көзі: 31 арна

 

Версия для печати

Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.