Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы Конференция Бреттон-Вудс жүйесінің 70 жылдығында өткізілетін және БҰҰ-ға арналған Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы жоспардың жобасын әзірлеуге және қабылдауға бағытталған басты халықаралық оқиға болып табылады.
Бұл іс-шара әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшылары арасында ашық әрі бейбіт диалог құруға және зорлық, жанкештілік, экстремиз мен терроризм секілді теріс пиғылдарды жоюға бағытталған.
АТОМ жобасы - бұл халықаралық кампания болып табылады, ол қоғамды ядролық қарудың қоршаған ортаға, сондай-ақ барлық адамзатқа қатері мен оларды сынақтан өткізу салдарлары туралы қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Ехро 2017 Халықаралық көрмесі 2017 жылы Астана қаласында өткізіледі деп жоспарланған. Көрме болашақ энергиясы мен инновациялар мәселелеріне, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшін іс жүзінде шешімдер іздеуге арналатын болады.
"Жасыл Көпір"Әріптестік Бағдараламасы "- БҰҰ бүкіл мүшелері тарапынан қолдау тапқан және "РИО+20" қорытынды құжатына қосылған әлемдегі бірден-бір экологиялық бағдарлама.
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨЫСШК) Азияда бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту бойынша халықаралық форум болып табылады.
"Жаңа Жібек Жолы" - «Еуропа – Азия» халықаралық деңгейіндегі және көліктік-логистикалық көпірдің іскери және халықаралық ХАБ-тың жаһандық кешенін құру жобасы.
Қазақстанда тұңғыш рет VII Астана экономикалық форумы аясында Халықаралық «G-Global» журналистикасы саммиті ұйымдастырылады. Саммит барысында әлемдік дағдарыс жағдайындағы журналистика рөлі, медиадағы инновациялар мен технологиялар талқыланып, экономикалық көрсеткіштер мен ақпаратты таратудың жаңа тәсілдеріндегі әрекет етуші құралдар жайлы тілге тиек етіледі.
2015 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы өз 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл ерекше мәні бар датаға 2015 жылдағы барлық іс-шаралар арналады, ал жылдың өзі 2014 жылдың 18 сәуірінде өткен Ассамблеяның XXI сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті, Ассамблея Төрағасы Н.Ә. Назарбаевпен – Қазақстан халқы ассамблеясы жылы деп жарияланды.