Басты бет /

Сессиялар

Азия Талдау орталықтарының Аймақтық саммиті

Ұйымдастырушылар:

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Пенсильвания Университеті; 

Өзектілігі:

Жаңа экономика және геосаясат дәуіріндегі талдау орталықтары Талдау орталықтары билік өкілдеріне кеңес беру және сараптамалық бағалау ұсынау жолы арқылы мемлекеттік саясатты жүргізуге маңызды ықпал көрсетеді. Сессияның бірінші бөлімі Орталық Азия мен Кавказдың талдау орталықтары қазіргі уақытта тап болып жатқан қиындықтар бойынша ұсынылатын кеңестердің сапасына әсер ететін мәселелерге арналған. Бүгінгі таңда Орталық Азия мен Кавказ аймағының талдау орталықтары саяси озық идеялардан оқшауланған. Аймақтың әлемдік қоғамдастықтан бөлектенуі халықаралық жарияланымдардың аз санында, талдау орталықтары өкілдіктерінің әлемдік рейтингтердегі төмен деңгейінде және т.б. көрініс табады. Жаһандық ақпараттық желілер мен жергілікті озық кластерлерді құру жолы арқылы, аймақтық және қазақстандық талдау орталықтары ғылыми қауымдастығының интеграциясында өткір қажеттiлік бар. Азия талдау орталықтарының аймақтық саммиті зерттеушілерге өзара әрекеттесу мен нәтижелі жұмыстық қарым-қатынас орнату мүмкіндігін ұсынады. 

Мақсаты:

Экономикалық саясатты дамыту мақсатында, аталмыш іс-шара шеңберінде өтетін марапаттау рәсімі кезінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Пенсильвания университетінің «Ақпараттық-талдамалы орталықтар және азаматтық қоғам» Бағдарламасымен бірлесе отыра, 2015-2016 жж. халықаралық экономика саласындағы 3 ірі талдау орталықтары мен осы аралықтағы ішкі экономика саласындағы 3 ірі талдау орталықтарын атап өтеді. 

Негізгі сұрақтар:

• Шикізат бағасының төмендеуі және саудалық серіктес-елдердің бәсеңдеген экономикалық өсу мәселелерінің алдын алу үшін, аймақ туралы шешім қабылдайтын тұлғалар қандай стратегиялар қолданулары қажет? • Ресей мен Батыс арасындағы геосаяси тайталасты бағдарлау үшін аймақ мемлекеттерінің саяси шешімдері. • Соңғы он жылда жиналған тәжірибелер мен жетістіктер тарихы. Аймақтық мәселелер үшін ортақ шешім жасай аламыз ба? 


Экономикалық саясатты дамыту мақсатында, аталмыш іс-шара шеңберінде өтетін марапаттау рәсімі кезінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Пенсильвания университетінің «Ақпараттық-талдамалы орталықтар және азаматтық қоғам» Бағдарламасымен бірлесе отыра, 2015-2016 жж. халықаралық экономика саласындағы 3 ірі талдау орталықтары мен осы аралықтағы ішкі экономика саласындағы 3 ірі талдау орталықтарын атап өтеді.
Сессияның екінші бөлімінде белгілі ғалымдар жаңа экономикалық және геосаяси шынайылыққа тап болып жатқан талдау орталықтарының әлемге ұсына алатын шешімдерін мен рөлдерін талқылайды. Шикізат бағасының төмендеуі, валюта бағамының тұрақсыздануы, экономикалық өсу мен геосаяси турбуленттіктің бәсеңдеуі экономикасы дамушы елдерге кері әсерін тигізді. Зерттеушілер тұрлаусыздық дәуірінде дамушы елдер мәселелерінің мүмкін болатын шешімдеріне қатысты өз көзқарастары және идеяларымен бөліседі. Сессия шеңберінде келесідегідей мәселелер қамтылады:
• Шикізат бағасының төмендеуі және саудалық серіктес-елдердің бәсеңдеген экономикалық өсу мәселелерінің алдын алу үшін, аймақ туралы шешім қабылдайтын тұлғалар қандай стратегиялар қолданулары қажет?
• Ресей мен Батыс арасындағы геосаяси тайталасты бағдарлау үшін аймақ мемлекеттерінің саяси шешімдері.
• Соңғы он жылда жиналған тәжірибелер мен жетістіктер тарихы. Аймақтық мәселелердің ортақ шешімін жасай аламыз ба?
Сессияның негізгі спикерлері – аймақ алдында тұрған экономикалық және геосаяси мәселелерін шешу жолдарын ұсынатын халықаралық және аймақтық талдау орталықтарының зерттеушілері.

 

Timeline