Басты бет /

Сессиялар

Бәсекелестікті жоғарылату: Жаңа «Ойын ережелері»

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитеті 

Өзектілігі:

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарында монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру (53-қадам) көзделген. 

Мақсаты:

Бұл сессияның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы экономикалық саясатын дамытудағы монополияға қарсы реттеу мен бәсекелестікті қорғаудың рөлін және оны одан әрі дамыту перспективасын көрсету. 

Негізгі сұрақтар:

2015 жылғы 29 - 30 қазанда Париж қаласында ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі жаһандық форумының отырысы өтті, оның сессияларының бірі Қазақстан Республикасының бәсекелестік құқық саласындағы заңнамасын және саясатын сараптамалық шолуға арналды. 

53-қадамды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын үздік халықаралық тәжірибеге және халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
2015 жылғы 29 - 30 қазанда Париж қаласында ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі жаһандық форумының отырысы өтті, оның сессияларының бірі Қазақстан Республикасының бәсекелестік құқық саласындағы заңнамасын және саясатын сараптамалық шолуға арналды.
Сондай-ақ осы жылы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы реттеуге 25 жыл, мұны атап өту маңызды оқиға болып табылатыны сөзсіз.
Іс-шара Астана экономикалық форумының негізгі күніне, 2016 жылғы 25 мамырға жоспарланып отыр.
Сессия бағдарламасында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б. Сағынтаевтың, ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетінің төрағасы Фредерик Женнидің және әлемнің жетекші монополияға қарсы органдары өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарланған. Сессияға қатысушылар ЭЫДҰ-ның стандарттарына және үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістермен танысады.

 

Timeline