Басты бет /

Сессиялар

Орнықты даму үшін институционалдық орта құру

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитеті, ЭЫДҰ 

Өзектілігі:

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастықты дамыту Қазақстан Республикасы Үкіметі басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің айырықша маңызды халықаралық институттарға біріктіру бойынша күш салуы ЭЫДҰ-мен тұрақты мазмұнды диалогты ең жоғары деңгейде ретке келтіруге мүмкіндік берді. ЭЫДҰ-ның қарымды сарапшылық әлеуеті айрықша мағыналы әлеуметтік-экономикалық реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру үдерісіне бағытталған. 

Мақсаты:

2015 жылдың 22 қаңтарында Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форум шеңберінде Елдік бағдарламаны жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі және ЭДЫҰ арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды. 

Негізгі сұрақтар:

Елдік бағдарлама - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының айырықша маңызды салаларына реформалар әзірлеу және жүзеге асыруды қарастыратын негізгі құжат. 

Сессия шеңберінде мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, инвестициялық климатты оңтайландыру, инновацияларды енгізу, әлеуметтік саясатты нығайту секілді бағыттар бойынша Елдік бағдарламаның жобаларын жүзеге асыруды талқылау жоспарлануда.  Сессия шеңберіндегі негізгі талқылау тақырыптарының бірі – Кешендік елдік шолуды жүзеге асыру. 
Іс-шара шеңберінде ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Дуглас Франц, ЭЫДҰ директораттар басшылары және ҚР мемлекеттік органдар басшылары, Елдік бағдарламаның жобаларын жүзеге асыруға жауапты тұлғалардың сөз сөйлеуі жоспарлануда. Сессия қатысушылары жобаларды жүзеге асыру нәтижелерімен танысып, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ ұсыныстарын енгізу жөніндегі перспективаларын талқылайды.

 

Timeline