Басты бет /

Сессиялар

БҰҰДБ 50 жылдығы: Орнықты даму мақсаттарына жетуді жеделдету үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеу

Ұйымдастырушылар:

БҰҰДБ 

Өзектілігі:

БҰҰ саммитінде (25-27 қыркүйек 2015) Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері 2016-2030 жж. орнықты даму мақсаттары анықталған әрі кедейшілік пен теңсіздікті жоюға, сондай-ақ, елдер арасындағы тығыз серіктестікте қоршаған ортаны қорғауға бағытталған орнықты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады. 

Мақсаты:

 

Негізгі сұрақтар:

 

Мыңжылдық Даму мақсаттарының жетістігіне негізделген, Орнықты даму мақсаттарының қабылданған әмбебап мақсаттарын, ұлттық реалиялар, мүмкіндіктер, даму деңгейі, ұлттық стратегия және басымдықтарды ескере отыра, кедей әрі бай мемлекеттерге қолдануға болады.  Бұл мақсаттар орнықты дамудың үш: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің арасында интегралданған, бөлінбеген және теңдестірілген.
Қазақстан ТМД мен Еуропа аймағында дамудың бірегей оқиғасы бола тұра, келешегі зор мемлекеттік үлгісі болып саналады, себебі, ұлттық стратегиялар мен салалық бағдарламалар оның дамуға деген талпынысының ауқымдылығын айғақтайды. Мемлекет өз жетістіктері мен әлемдік аренадағы рөлімен мақтана алады. Мыңжылдықты дамыту мақсаттарын жүзеге асыру барысында үздік нәтижелерге қол жеткізілді, нәтижесінде мемлекет орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде бірқатар мүмкіндіктерге иелік етеді.
БҰҰ-ның Қазақстандағы Елдік тобы ОДМ, олардың  маңыздылығы және Қазақстанда енгізу тәсілдеріне қатысты Үкіметпен диалог жүргізуді бастап кетті. 2015 жылдың желтоқсанында Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдардың қатысуымен «Қазақстандағы орнықты дамудың мақсаттары: тұжырымдамалық негіз» тақырыбындағы бірінші дөңгелек үстел өткізді.
Қатысушылар орнықты даму мақсаттарының кең қамтылуы мен ауқымдылығын жоғары бағалап, сондай-ақ, Қазақстанның ОДМ-ны алға жылжытуда танымал халықаралық көшбасшы болудағы талпынысын құптады. Осылайша, Қазақстанда ОДМ-ның негізгі аспектілерін қамтитын жүйелік тәсілдемені жасау және енгізу қажет деп танылды.
БҰҰДБ 50 жылдығына арналған іс-шара шеңберінде, даму саласындағы 50 жылдық тәжірибе Қазақстандағы өсу факторы ретінде, сондай-ақ, БҰҰДБ-ның Қазақстанда орнықты даму мақсаттары ретінде танымал даму бағдарламасына қосқан үлесі бейнеленеді. 

 

Timeline

Бұл сессияда әзірге жарияланым жоқ
Бұл сессияда әзірге жарияланым жоқ