Басты бет /

Сессиялар

Өсудің жаңа үлгісін іздеу жолында

Ұйымдастырушылар:

Экономикалық зерттеулер институты (ЭЗИ), Біріккен Вена институты (БВИ) 

Өзектілігі:

Орталық Азия мен Кавказдың (ОАК) кейбір мемлекеттері қарқынды өзгермелі жаһандық ортада конвергенция үдерісін жаңарту үшін өсудің жаңа үлгісін қажетсінеді. Шикізатты экспорттаушы елдердің аса жоғары өсу қарқыны үдеген бірнеше жылдан соң, әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың басталуына дейін, аймақ конвергенцияның барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланғаны белгілі. Аймақ жуырда ықтимал ұзақ мерзімді сипатқа ие келесідегідей бірнеше кедергілерге тап болды: негізгі сауда серіктестерінің (мысалы, Ресей мен Қытай) экономикалық өсу қарқындарының төмендеуі, шикізат бағасының төмендеуі және АҚШ долларының көтерілуі жағдайында валюта бағамының төмендеуі. Бұл жағдайда шикізатты экспорттаушы елдер қолайсыз жағдайда қалып қойды, сонымен бірге, тағы бір мәселе – АҚШ-та есептік мөлшерлеменің ары қарай көтерілуіне қатысты түсініксіздік туындады. 

Мақсаты:

ТМД елдерінің әлеуетті экономикалық өсу бағасы орташа мерзімді перспективада дағдарыс алдындағы 7 пайыздан 1 пайызға дейін төмендеді. Осыншалықты едәуір бәсеңдеуге Ресей мен Украинадағы экономикалық құлдырау, сондай-ақ, мұның аймақтың өзге елдеріне жағымсыз әсері ықпал етті. Қазақстанның әлеуетті өсуі дағдарыс алдындағы 8 пайыздан шамамен 4 пайызға дейін төмендеді. 

Негізгі сұрақтар:

• Шикізаттың төмен бағалары және саудалық серіктестердің экономикалық өсуінің баяу қарқындары бар «жаңа нормалылық» дәуірі орнады ма? • Аймақтағы қиын макроэкономикалық жағдай және валюта бағамының реттелуі. Аймақта бюджеттік және несиелік-бюджеттік саясат, сондай-ақ, валюта бағамын реттеу жөніндегі уақытша және ұзақ мерзімді кедергілерге қатысты қолданылатын тиісті саяси шаралар. • Құрылымдық реформалардың әлеуетті өсуді көтеру және экономикалық дамудың қарқынын жеделдетудегі рөлі. Реформалардың басымдықтары қандай?  

Экономикалық зерттеулер институты (ЭЗИ) мен Joint Vienna Institute (JVI) мен серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылатын отырыста, аймақтың ағымдағы мәселелері талданып, аталмыш мәселелерді еңсеру, сондай-ақ, әлеуетті өсуді көтеру әдістері талқыланады. Отырыс келесідегідей мәселелер тобын қамтиды:

Бірінші сессияның бөлімі БҰҰ аға кеңесшісі және Колумбия Университеті Жер Институтының директоры Джеффри Сакстың кіріспе сөзімен ашылып, отырыс үлгісінде ұйымдастырылады. Негізгі спикер сессияны Қазақстанға тиісті сілтемелерімен аймақтағы жалпы экономикалық жағдайды және аймақтың әлемдік экономикадағы орнын талдаудан бастайды (сөз сөйлеу ұзақтығы: 25-30 мин.). Әр келесі спикер жеке мәселелерді шешу және мәселелерді еңсеруде тәжірибелік маңызға ие әдістерді талқылауды (шаралар, шешімдер) мақсат тұтады. Талқылау сұрақтар мен жауаптар сеансымен аяқталып, соңында кофеге үзіліс жарияланады.
Кофе-брейктен соң, БВИ мен ЭЗИ ОАК/ТМД елдерінде құрылымдық реформалардың басымдықтарын талқылау үшін аймақтың лауазымды тұлғалары, ғалымдары мен сарапшыларының қатысуымен интерактивті семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты – аймақта реформаларды енгізу жолындағы негізгі кедергілерді анықтау, сондай-ақ, реформалардың басымдықтарын орнату. Құрылымдық реформалардың экономикалық өсуге пайдалы әсер тигізетіндей эмпирикалық макро- және микроэкономикалық сипаттағы барлық белгілері бар; дегенмен, дәл қандай реформалардың айрықша басымды саналатындығы әлі де түсініксіз.
Семинар Экономикалық зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы Әсет Ирғалиев пен «Joint Vienna Institute» директоры Норберт Функенің қысқа кіріспе баяндамаларынан басталады. Қамтылатын мәселелер қатарына институттар, инфрақұрылым, тауар нарығының тиімділігі мен қаржы нарықтары кіреді. Кіріспе баяндамалардан соң, қатысушылар 6-8 адамнан құралатын бірнеше кішігірім топқа бөлінеді. Әр топ үш бағдарламалық ұсыныстардың кейінгі тұжырымдауы бар реформалаудың бір саласын талқылайды. Талқылау аяқталған соң, әр топ семинардың өзге қатысушыларына өз тұжырымдарын ұсынады. Сессия саяси-экономикалық түсініктер және реформаларды енгізудегі қиындықтарды жалпы талқылаумен аяқталады.
Семинар ең алдымен реформалардың басымдықтарын анықтауға, серіктестік байланыс пен ынтымақтастықты дұрыстауға арналған.

 

Timeline

Бұл сессияда әзірге жарияланым жоқ