Басты бет /

Сессиялар

Қаржылық өсудің халықаралық тәжірибесі: Астана Халықаралық қаржы орталығын дамыту үшін механизмдер және құралдар

Ұйымдастырушылар:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі» АҚ, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы 

Өзектілігі:

«Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға 100 нақты қадам» мемлекетті дамыту стратегиялық құжатында белгіленген Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастады. 

Мақсаты:

АХҚО құру Қазақстан Республикасы экономикасының алдағы дамуының негізгі шарттардың бірі болып табылады.  

Негізгі сұрақтар:

• АХҚО мүмкіндіктерінің таныстырылымы және АХҚО аумағына отандық және шетелдік инвестициялардың ағынын ынталандыру • АХҚО дамыту мәселелері мен перспективалары • Шетелдік әлемдік қаржы орталықтарын құру және дамытудың табысты тәжірибесін қолдану • АХҚО негізгі бағыттарды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруда іс-шара қатысушылары арасындағы нақты келісімдерге қол жеткізу үшін сұхбаттасу алаңын құру. 

Аталмыш бастаманы заңнамалық қамтамасыз ету үшін, ең үздік халықаралық тәжірибелерді, соның ішінде салықтық артықшылықтар, жеңілдетілген валюталық, визалық және еңбек режимдерін есепке ала отыра, АХҚО қатысушыларының қызметі үшін қолайлы және жағымды жағдайды қарастыратын «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық Заң өз күшіне енді.
АХҚО-ның маңызды ерекшелігі АХҚО қаржы соты және Халықаралық төрелік соты жұмыс жасайтын жекеленген құқықтық жүйелердің бар болуы болып табылады. Бұл жүйе ортақ құқық қағидаларына сүйенеді, бұл әділ әділеттілікпен қамтамасыз ету және шетелдік инвесторлар тарапынан Қазақстанға сенімді айтарлықтай жоғарылатуға мүкміндік жасайды.

 

Timeline