Басты бет /

Сессиялар

Жаңа қаржылық технологиялар

Ұйымдастырушылар:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі» АҚ, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы 

Өзектілігі:

Мобильдік төлем, ақша аударымын, несиелеу, капиталды тарту және т.б. салаларда озық әрі жаңа технологияларды қолданатын стартаптарды әдетте "Қаржы технологиялары" (fintech, финтех) терминімен атайды. Сонымен қатар, ейбір мамандар қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру барлық финтех-стартаптардың ажырамас сипаттамасы болып табылатындығын алға тартады. 

Мақсаты:

FinTech – қаржылық қызмет көрсету саласындағы технологиялық бағыт – стартаптар үшін ең перспективалық (әрі сұранысқа ие) салалардың бірі болып саналады. Қаржы технологияларының біршама жас индустриясы инвесторлардың, жаңа кәсіпкерлердің, клиенттердің, банктердің, телекомдар мен ғаламтор алыптарының назарын өзіне аударта бастады. 

Негізгі сұрақтар:

• Қаржылық технологиялар: негізгі трендтері және даму перспективалары • Банктер және финтех стартаптар: бәсекелестік әлде ынтымақтастық? • Мемлекет және финтех: реттеу және қолдау құралдары • Blockchain технологиялары – қауіп-қатер әлде мүмкіндіктер? 

Финтех бағыты өсуінің негізгі себебі  технологиялардың, соның ішінде мобильдік технологиялардың қарқынды дамуы болып табылады, нәтижесінде нарық қатысушыларының жаңа бизнес үлгілері және экожүйелері пайда бола бастады.
Сонымен қатар, бүгінде дәстүрлі банктерге емес, қаржылық технологиялар сегментінің икемді және клиентке бағдарланған компанияларына жиі жүгінетін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың тәртібі өзгере бастады.
Сондай-ақ, жаңа финтех қызметтердің пайдау болуы нәтижесінде бизнесті жүргізу тәсілдері де өзгеруде. Әдетте жаңа компания құру кезінде кәсіпкер компанияның қызметін: несиелер, есеп айырысу шоты, жалақы жобасы және т.б. қамтамасыз ету үшін жергілікті банк және/немесе инвесторға жүгінеді – ендігі кезекте бұл жалғыз опциялар емес.
Краудсорсинг, мобильдік төлемдер және өзге де қызметтер кәсіпкерлерге қаржы қызметтерінің үлкен шоғырына қол жетімділік алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бизнес құру үшін ғана емес, сонымен қатар, оның кеңейтілуіне қаржыландыру алу арзан бағаға түсуде.
Финтех-компаниялардағы венчурлік инвестициялар 2015 жылы  100%-ға жоғарылап, $13,8 миллиардты құрады. 2014 жылы келісімдер саны 586-дан 653-ке дейін өсті. Венчурлік қорлар, бизнес-періштелер, жеке инвестициялар және тағы басқалардан бөлек, инвестициялардың жалпы сомасы $19, 1 миллиардты құрады.
Біз қаржы индустриясының негізгі әлемдік трендтерін және оның АХҚО базасында Қазақстанда даму перспективаларын талқылау үшін халықаралық алаң ұсынамыз.

 

Timeline