Басты бет /

Сессиялар

Болашақ қуаты: жаһандық трендтер және технологиялар

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасыны,АҚ, «Жасыл академия» ҒБО, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы, ҚР Ғылыми және технологиялық ұйымдар қауымдастығы 

Өзектілігі:

Әлемдік энергетика болашағы – қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыптардың бірі. XXI ғасыр таңында адамзат бүкіл әлем бойынша климат өзгеруінің және экологиялық жағдайдың нашарлау салдарын қатты сезді. Жетекші әлемдік сарапшылар озық технологияларды енгізу жолы арқылы азаматтық құрылыс, машин жасау, шикізат индустриясы және индустриялық-инновациялық дамудың өзге де салаларында экология және энергиямен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жолындағы өз көзқарастарын білдіртеді. 

Мақсаты:

Аталмыш топтаманың негізгі тақырыптары - әлемдік энергожүйеде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру, сондай-ақ, өзгермелі климат жағдайында экономиканы орнықты дамумен қамтамасыз ету. Қазбалы көмірсутектерді қолдану көмірқышқылды газды атмосфераға шығарудың үлкен үлесін қамтамасыз ететіндігі белгілі. 

Негізгі сұрақтар:

Ғылыми қауымдастық көміртек қостотығының атмосфераға шығудағы бір мезгілді төмендеуімен экономиканы өсумен қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын нақты қадамдарды анықтайды. 

«Ғылым, технологиялар мен инновациялар энергетика мен экономиканы дамытудың қозғаушы күші»
Аталмыш топтаманың негізгі тақырыптары -  заманауи экономика және болашақ қуатының ғылыми және технологиялық құрамдас бөліктері.
ТМД мен алыс шетел мемлекеттердің белгілі ғалымдары мен мамандары энергетика саласындағы заманауим инновациялық технологиялар туралы баяндамаларын ұсынады. Сондай-ақ, заманауи зерттемелерді енгізу нәтижесінде олардың экономикалық дамудың әлемдік және жергілікті бағытына ықпалы баяндалады.
Панельдік сессиялардың ең өзекті тақырыптары Дөңгелек үстел отырысында пікірсайыс түрінде өтетін болады:
«Жасыл экономиканы» дамытудың перспективалары мен сценарийлері»
Дөңгелек үстел экология, энергия үнемдеу, жаңартылатын энергия көздері салаларындағы технологиялық инновациялармен байланысты тақырыптардың кең шоғырын көтереді.  Сонымен қатар, дәстүрлі энергия тасымалдаушылардың өндірісі және шығару тиімділігін арттыру тақырыптары қозғалады.
Ғылым мен өнеркәсіптің түрлі саласында еңбек ететін әлемнің жетекші сарапшылары әлемдік экономика мен энергетиканы дамытудың заманауи үрдістерін айқындайды.

 

Timeline