Басты бет /

Сессиялар

Жасыл экономика: әлеуметтік инновациялар, экономикалық өсу және экология

Ұйымдастырушылар:

Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы 

Өзектілігі:

«Жасыл экономика» тұжырымдамасы бүгінгі таңдағы климаттық, экологиялық, әлеуметтік, қаржылық және экономикалық мәселелерге көңіл бөлу мүмкіндігін ұсынады. Қазақстан жасыл экономика тұжырымдамасына бейімделу жолын 2013 жылы ұлттық деңгейде мойындаған болатын. 

Мақсаты:

Ағымдағы мәселелер тұрғысынан, басты мәселе тұрғындардың әлеуметтік қорғауы мен азаматтардың өмір сүру деңгейін қолдау қажеттілігін назарға ала отыра, жасыл өсім тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін жақсы мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін секторларды анықтау болып табылады.  

Негізгі сұрақтар:

Мұны Қазақстан Үкіметімен анықталған, қоршаған ортаға және экономикалық орнықтылық, экономиканы әртараптандыру және әлеуметтік инклюзивтілікке ықпалының көзқарасы жағынан өсімді қайта ойлауға мүмкіндік беретін жасыл өсім стратегиясында бақылауға болады. 

Әлеуметтік-экономикалық интеграция және өсу Қазақстан саясатын жүзеге асыру және жоспарлау үдерісінде жасыл өсімді жүзеге асыру саласында негізгі рөлді бағамдайды. Негізгі акцент жасыл өсім стратегиясына бағытталған, осылайша экономикалық, әлеуметтік және экологиялық декларацияларға қол жеткізу кезінде даму, экономиканы әртараптандыру және әлеуметтік қамтамасыз етуді түрлендіреді.
Қазақстан халқының жартысынан астамы қала жағдайында өмір сүреді. Қалаларды «жасыл экономиканы» жүзеге асыру үшін негізгі шыққан жер ретінде санауға болады, бұл тұжырымдаманың өмір сүруге бейімділігін көрсетуге мүмкіндік береді. Еуропалық Одаққа мүше елдердің тәжірибесі экономикалық түрлендіру кезеңінде қалаларды дамыту үшін жасыл экономика құралдарын қолдану қалалық инфрақұрылымның орнықты дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және жасыл инфрақұрылым интеграциясы жолымен экономикалық өсуді дамытуға; ресурсты үнемдеу технологияларды енгізуге; сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздерін қолдануға мүмкіндік туғызғандығын көрсетті;
«Жасыл экономика әлеуметтік инновациялар, экономикалық әртараптандыру және экологиялық орнықтылықты енгізу үшін құрал іспеттес» сессиясы Еуропалық одақ қалаларының табысты тәжірибелері секілді тәжірибелерді көрсетуге ниетті, сондай-ақ, Қазақстан су секторындағы БҰҰ Даму Бағдарламасымен көрсетілген құралдар интеграциясының тиімді тәжірибесі жасыл өсімді енгізуге және Қазақстан саясатының ұлттық көзқарасына жағымды үлес қосуға мүмкіндік береді. 

 

Timeline

23.05.2016 16:58:47
Демалыс кезінде табиғатқа ұқыпты қарау, өз ауласында тазалық сақтау – табиғатты сақтау барысында біз мемлекеттің мойнына ауыстыратын қарапайым шындық. Көптеген елдерде азаматтардың қарапайым экологиялық нормаларды сақтауы саналы міндетке айналған. Өкінішке орай, біз үшін бұл нормалар фомалды және міндетті емес болып табылады. Егер біз Қазақстанды ұрпақ үшін сақтап қалғымыз келсе, еліміздің өсуі мен өркендеуі туралы ойлайтын болсақ, әрқайсысымыз өзіміздің санамызды өзгертіп, қоршаған ортаға көзқарасты өзгертуіміз керек. Міне біз сонда ғана мақсатымызға жетемім
14.09.2016 11:01:10
Біз жас ұрпақ еліміздің әлеуметтік инновация жағынан эканомикамызды жақсартуға өз үлесімізді қосуымыз керек