Басты бет /

Сессиялар

Жекешелендіру жөніндегі Қазақстан форумы

Ұйымдастырушылар:

The Financial Times 

Өзектілігі:

Орталық Азияның негізгі экономикасына инвестициялаудың ашылған мүмкіндіктерін көрсете отыра, Қазақстанда мемлекеттік меншіктегі 60 ірі, сондай-ақ, көптеген ұсақ нысандар жекешелендіруге шығарылады. Өткен жылдың соңында жарияланған үкіметтің жоспарлары нақты әрі ұзақ мерзімді болып саналады, себебі, мемлекет Дүниежүзілік сайда ұйымының толық мүшесі атанып, бүгінде әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру және ЭЫДҰ-на ену мақсатына нық қадам басуда. 

Мақсаты:

• Нарықтың инфрақұрылымдық компаниялары үшін құрылымды және перспективаларды бағалау • Ұлттық инфрақұрылымға инвестициялаудың сыйақылары мен тәуекелдері – мемлекеттік/жеке – ынтымақтастық әлде бәсекелестік? • Инфрақұрылымға ұсынылатын инвестициялар. Мемлекеттік қолдаудың қол жетімді деңгейі. 

Негізгі сұрақтар:

Қазақстан Орталық Азияда ірі қуат өндіруші болып табылады, қазіргі таңда жекешелендіру үдерісіне талпыну мұнай, газ, атом және өзге салалардағы негізгі ұйымдар меншіктерінің нысандарын қайта жасақтауы ықтимал. Жекешелендіру үдерісі тәжірибеде қалай және қандай жағдайда жүргізіледі? • Қазақстанның энертегика саласының даму және өсу перспективалары қандай? – бұған жаһандық шикізат нарығындағы оқиғалар мен ақша саласындағы жағдай қалай әсер етті? • Жекешелендіруге жатқызылатын ұйымдардың талдауы және бағалауы – көрсеткіштері мен перспективалары. • Жергілікті, аймақтық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялаудың жолдары және меншік нысандары. Мемлекеттік қолдау мен ынталандырма бағалауы. • Жұтылу жөніндегі келісімдерді қаржыландырудағы үрдістер мен өзгерістер. 


Аймақтық және шетелдік инвесторлар үшін «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «Қазақстан Темір Жолы», «Қазатомпром» және «Самұрық-Энерго» секілді компаниялар арқылы экономиканың негізгі секторларына кіурге үлкен мүмкіндіктер ашылуда.
Іс-шара Астана экономикалық форумының негізгі күні 2016 жылдың 26 мамырына жоспарланған.
Сессия бағдарламасында Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің және жекешелендіру үдерісіне жауапты  өзге жетекші министрлердің негізгі сөз сөйлеулері жоспарланған. Сессия қатысушылары реформалар мен мемлекеттік аппаратты қайта құрылымдауды жүзеге асырып жүрген тұлғалардан Қазақстан экономикалық болжамының терең талдауымен танысады. Панельдік пікірталастар барысында энергетика және инфрақұрылым салаларындағы инвестициялық перспективалар қарастырылады, жекешелендіретін компаниялар басшылары, қаржыгерлер мен капитал нарықтарының өзге мамандарының сөз сөйлеулері жоспарлануда.

 

Timeline