Басты бет /

Сессиялар

Адамзат және елдер арасындағы цифрлық теңсіздікті жою

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi, «Зерде» ҰАХ АҚ 

Өзектілігі:

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммникациялық технология (АКТ) саласының серпінді дамуы елдің экономикалық өсуіне ықпал етеді және қоғамның тұрмыс-тіршілігінің барлық аспектілерінде өзгерістер енгізеді. АКТ адамның күнделікті қызметінің барлық саласына еніп, адамның жеке және жұмыс өміріне, әлеуметтік салаға, экономикаға, елдің әлемдік қоғамдастықтағы имиджі мен мәртебесіне әсер ету деңгейі бойынша ең маңызды болып табылады. 

Мақсаты:

Тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және цифрлық Қазақстанның бұдан әрі дамуы жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.  

Негізгі сұрақтар:

- Цифрлық инфрақұрылым; - Клиентке бағдарланған мемлекет; - Креативті қоғам; - Цифрлық индустрия. 

АКТ адамның күнделікті қызметінің барлық саласына еніп, адамның жеке және жұмыс өміріне, әлеуметтік салаға, экономикаға, елдің әлемдік қоғамдастықтағы имиджі мен мәртебесіне әсер ету деңгейі бойынша ең маңызды болып табылады.
АКТ даму  үрдісін ескеріліп, Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 24 қарашада «Ақпараттандыру туралы» Заң қабылданды, бұл ретте Қазақстан Республикасының 30 Заңына және 9 Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сондай-ақ ақпараттандыру мәселелерін реттеу бөлігінде 93 заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті әзірленді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  негізгі басымдықтары: кең жолақты интернетке халықтың қол жеткізуін қамтамасыз етуді аяқтау, қоғамның цифрлық сауаттылығын арттыру, электрондық үкіметті дамытуды жалғастыру және басқалар болып табылатын «Цифрлық Қазақстан - 2020» жаңа бағдарламасы әзірленуде.
АЖФ Жаһандық конференциясының жыл сайынғы алаңында цифрлық теңсіздікті жоюдың әдістері, аспаптары және жолдары, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымды және индустрияны дамыту  мен креативті қоғам құру мәселелері талқыланатын болады.
Конференция шеңберінде проблемаларды анықтаумен, АКТ дамыту үшін жаңа шешімдерді іздеумен және қолданумен байланысты мәселелерді талқылау қазіргі уақытта Қазақстан үшін ғана емес, ТМД елдері мен алыс шет елдері үшін де өзекті болып табылады. 2016 жылғы АЭФ шеңберінде жоспарланатын іс-шаралар Қазақстан АКТ дамытудың жаңа мүмкіндіктерін және шешімдерін береді.

 

Timeline