Басты бет /

Сессиялар

Әлемдік экономиканың тұрақты дамуы үшін Еуразиялық транзит және су әлеуеті

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі,

Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы,

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі

 

 

Өзектілігі:

Мемлекет басшысы 2015 жылғы 27 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші сессиясында сөйлеген сөзінде XXI ғасырдың бірыңғай интеграциялық жобасына Еуразиялық экономикалық одақты, Жібек жолы Экономикалық белдеуін және Еуропалық одақты біріктіретін «ҮЛКЕН ЕУРАЗИЯ» идеясының төңірегінде ұйымдасуға шақырды. 

Мақсаты:

Қазақстан аумағы арқылы еуразиялық транзитті, соның ішінде су-көліктік транзитті максималды арттырудың ғылыми-техникалық негіздерін талқылау. Қазақстанның беткі және жерасты суларын тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін талқылау.  

Негізгі сұрақтар:

• Қазақстан аумағы арқылы әлемдік мұхитқа шығу мүмкіндіктерін максималды пайдаланумен мультимодальді еуразиялық транзиттің экономикалық тиімді нұсқалары бойынша; • Астана қ. мен елдің басқа аймақтарын сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін Трансқазақстандық «Ертіс-Сырдария» каналын салу бойынша; • Қазақстанның беткі және жерасты суларын тиімді пайдалану бойынша ұсыныстарды дайындау.  

Мемлекет басшысы 2015 жылғы 27 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші сессиясында сөйлеген сөзінде XXI ғасырдың бірыңғай интеграциялық жобасына Еуразиялық экономикалық одақты, Жібек жолы Экономикалық белдеуін және Еуропалық одақты біріктіретін «ҮЛКЕН ЕУРАЗИЯ» идеясының төңірегінде ұйымдасуға шақырды.

Аталмыш идеяның аясында 2015 жылы Қазақстан, Ресей және Қытай ғалымдарының халықаралық ұжымы Қазақстан аумағы арқылы мультимодальді еуразиялық транзиттің максималды мүмкін болатын нұсқаларын зерттеуге кірісті және жылдың аяғына қарай алғашқы нәтижелер алынды.

Қазақстан мен Ресейдің аумағы арқылы еуразиялық транзит -құрлықтық, оның Суэц каналы арқылы өтетін оңтүстік теңіз дәлізімен бәсекелесе алуы үшін, Ресей мен Қазақстанға Каспий теңізін Азов-Қара теңіз бассейнімен біріктіретін «Еуразия «Каналы» салынған кезде ғана мүмкін болатын арзан су-көлік транзитінің үлесін арттыру қажет. Панельдік сессиядағы баяндамалар осы каналды салуға жаңа дәйектерді ғылыми негіздеуге арналады.

Қазақстанда тұщы судың тапшылығына байланысты Трансқазақстандық «Ертіс-Сырдария» каналын салу арқылы Астана қ. мен елдің басқа аймақтарының су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында беткі және суасты суларын тиімді пайдалану стратегиясын әзірлеу қажет.  

 

Timeline

02.10.2014 03:00:57
VI-шы Астана экономикалық форумы аясында 2013 жылы өткізілген «Қазақстанның болашақ тұрақты энергетикасының стратегиясы» панельдік сессиясы барысында «Қазақстанның тұрақты энергетикасының 2050 жылға дейінгі стратегиясы» Тұжырымдамасының жобасы қарастырылып, талқыланды. Аталмыш жоба тұрақты энергетика саласындағы қазақстандық бастамалардың елдің «жасыл экономикаға» көшуі үшін біріктірілуіне, елдің болашақ энергиясының ЭКСПО-2017-ге берілгендігін паш етуге бағытталған, және ол Қазақстанның БҰҰ-ның «Баршаға арналған тұрақты энергетика» бастамасын (СЕФА) іске асыруға қосқан үлесі. Стратегияны талқылау мақсатында әзірлеушілермен БҰҰ Хатшылығы және БҰҰ Бас хатшысы офисінің қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізілді, олардың нәтижесінде Қазақстанның ұлттық энергетикалық стратегиясын әзірлеу туралы шешімі мақұлданды. БҰҰ Хатшылығының өкілдері әзірленіп жатқан Стратегия РИО+20 – ның «Біз қалайтын болашақ» қорытынды құжатының тынысына, СЕФА – ның 2030 жылға дейінгі бастамаларының мақсаттарына (заманауи энергия көздеріне жалпылай қол жеткізу, жаңартылатылатын энергия көздері үлесінің еселенуі, энергия тиімділігінің еселенуі) толыққанды сәйкес келетінін атап өтті. Кездесулердің қорытындылары бойынша қазақстандық стратегияны алға жылжыту мен іске асыру жөніндегі ұсыныстар алынды.
07.10.2014 01:44:52
Толыққанды келтірген мәліметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін!
06.10.2014 18:11:57
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көрегендікпен «Жасыл көпір» халықаралық ұйымын құруды ұсынып, «Жасыл энергетиканы» дамыту мен Алматы маңында төрт серіктес қалалар базасында «Green-4» жобасын қолға алуды міндеттеп отыр. Ол Астанада өтетін «ЭКСПО - 2017» көрмесін дәл осы жобалар арқылы іске асыруды жоспарлап отыр. Көрме аясында таныстырылатын әлемдегі ғылым мен техниканың ең үздік үлгілері біздің еліміздің болашағының жарқын болуына үлкен септігін тигізері анық. Энергетика саласын әртараптандыру мемлекетіміздің тұрақты дамуына негіз бола отырып, еліміздің экономикасын жаһандық энергетикадағы қандай да бір төңкерістерден сақтандырады. «Қазақстан - 2050» Стратегиясына сәйкес, осы ғасырдың ортасына қарай елімізде өндірілетін энергияның тең жартысын баламалы және қайта қалпына келтірілетін қуат көздері құрауы тиіс.
06.10.2014 22:14:55
2050 жылы энергетика саласында төңкеріс болмауы мүмкін, бірақ әлем эволюциялық тұрғыда мұнай мен газ өндіруші елдердің көмірсутегінің импортынан бас тартуы мүмкін. Ал, елдердің біртіндеп болсадағы көмірсутек импортынан бас тартуы бүгінгі күні қалыптасқан әлемдік жүйеге кәдімгідей өзгерістер алып келеді. Бұл дегеніміз егер мұнай экспорттаумен ғана айналысатын елдер шикізаттан кейінгі болашақтары қандай боларын қазірден бастап ойламаса, алдағы уақытта олардың жағдайлары жақсы болмаса анық.
27.01.2015 22:05:55
Алдағы уақытта не күтіп тұрғаны барлығымызға белгісіз. Мұнай экспорттаумен айналысу жақын он жылдықта өзекті тақырып болудан қала беретін болады. Бұл да анық. Қазақстан Республикасында он жылдықта үлкен өзгерістер болады. Бұл да белгілі. Жалпы жер бетінде болып жатқан соңғы жағдайлар бізді ойландырады. Мықты мемлекет деген түсініктің өзі күрт өзгереді деп ойлаймын. Мысалға, күшті мемлекеттің қатарында қазіргі таңда 3 деңгейдегі мемлекеттер шығуы және олардың шығуы өзгеруі салдарынан емес, осы күнге дейін ұстанып келген салт санасына байланысты болады. Әзірге осы.
08.10.2014 01:05:26
Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп қалды. Әлемнің дамыған елдері соған сай нақты стратегияларын дайындауда. ХХІ ғасырдың орта тұсы күрделі болары даусыз, ал жаһандық отыздық тобының тізіміне кіретін үміткерлер саны тым шектеулі болады. «Дамыған ел» ұғымының уақытқа сәйкес өзгеріп тұратын категория екенін бірнеше рет айттым. Дамыған елдерде халықтың мүлде жаңа өмір сапасы пайда болуда.
19.10.2014 00:38:48
Тұжырымдама еліміздің «Жасыл экономикаға» көшуі үшін тұрақты энергетика саласында қазақстандық бастамаларды шоғырландыруға бағытталған. Бұл Қазақстанның БҰҰ-ның «Тұрақты энергетика барлығы үшін» бастамасын жүзеге асыруға қосқан үлесі. Тұжырымдаманың жобасы жаһандық энергия экологиялық стратегияның негізінде әзірленді
19.10.2014 19:31:30
2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді.
09.11.2014 19:14:37
Иә, мен де сондай ойдамын, сізбен толығымен келісемін!
27.01.2015 22:09:41
Сіздің өзіндік позицияңыз жоқ па сонда? Мен бұл Стратегияны әлі күнге дейін толық түсіне алар емеспін. 2030 ға өзгертулермен толықтырулар деп неге қалдырылмады екен, деп те ойланамын кейде. Мақсатымыздан көз жазбай деп келтіреді. бұл не сонда? Сөйте тұра жыл сайын деп тағы айтады. түсінген боларсыз Енлик ханым.
19.10.2014 20:39:22
Бүгінгі таңда тұрақты энергетика жаһандық маңызды мәселенің біріне айналды. Ең қуантарлық жайт ЭКСПО-2017-нің арқасында Қазақстан бүкіл адамзат үшін маңызды болып отырған осы мәселені насихаттаушылардың көшбасшысы болып отыр. Болашағымыздың жарқын болуына бәріміз ат салысайық!
27.01.2015 22:10:21
Сіз қандай ат саласыз сонда?
02.11.2014 17:26:44
Осы аталған стратегия тұрақты энергетика саласындағы қазақстандық бастамалардың елдің «жасыл экономикаға» көшуі үшін біріктірілуіне, елдің болашақ энергиясының ЭКСПО-2017-ге берілгендігін паш етуге бағытталған, және ол Қазақстанның БҰҰ-ның «Баршаға арналған тұрақты энергетика» бастамасын іске асыруға қосқан үлесі болып табылады.
27.01.2015 22:11:30
Қазақстанның Баршаға арналған тұрақты энергетикаға қосқан үлесін қалай түсіндіресіз? мен әзірге Сізді түсінген жоқпын.
02.11.2014 17:55:46
2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс. Бәсекеге ең қабілетті салаларда біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауашалар қалыптастыру стратегиясын белсенді әзірлеуге тиіспіз. Бұл, әсіресе, ДСҰ-ға кіру перспективаларын ескере отырып, кері индустрияландырудың ықтимал ыдыратушы әсерлерін болдырмауға мүмкіндік береді.
03.11.2014 21:55:22
Елдің болашақ энергиясының ЭКСПО-2017-ге берілгендігін паш етуге бағытталғаны айқын. Мақала оқырман қауымға қызықты әрі өзекті. Еңбегіңізге рахмет !!!
09.11.2014 19:07:49
Жоба тұрақты энергетика саласындағы қазақстандық бастамалардың елдің «жасыл экономикаға» көшуі үшін біріктірілуіне, елдің болашақ энергиясының ЭКСПО-2017-ге берілгендігін паш етуге бағытталған, және ол Қазақстанның БҰҰ-ның «Баршаға арналған тұрақты энергетика» бастамасын (СЕФА) іске асыруға қосқан үлесі.
09.11.2014 19:12:30
Аталған конференциялардың барысында халықаралық эксперттердің, сондай-ақ энергетика мен жасыл технологиялар саласындағы отандық жетекші ғалымдардың қатысуы межеленген. Жоспарланған іс-шаралардың шеңберінде эксперттер және ғалымдармен Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспарды (ӘДЖ) қалыптастыруға ұсыныстар жасау жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.
11.11.2014 22:33:11
Макала маган унады оте орынды козгалган! ЕнбегiнiЗге рахмет!
16.11.2014 20:48:31
Рахмет!!
18.11.2014 11:21:09
Тұжырымдама еліміздің «Жасыл экономикаға» көшуі үшін тұрақты энергетика саласында қазақстандық бастамаларды шоғырландыруға бағытталған. Бұл Қазақстанның БҰҰ-ның «Тұрақты энергетика барлығы үшін» бастамасын жүзеге асыруға қосқан үлесі. Тұжырымдаманың жобасы жаһандық энергия экологиялық стратегияның негізінде әзірленді
Энергетика мен экологияның жаһандық сипаты бар және осы салаларда тиімді шешім қабылдаудан елдің өмір тіршілігінің қамтамасыз етілуі мен цивилизациясы, сонымен қатар, олардың өзара әрекеттестігі мен болашағы байланысты болып отырған қазіргі заманның ең өткір проблемалары болып табылады.
Бүгінгі күні әлемдік қоғамдастық барлық саланың негізгі түйіні энергетикада жатқандығы туралы ойға тоқталғандығын атап өту маңызды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның жазбасы да мына сөздерден басталады: «Баршамыз үшін орнықты энергетика».
15.12.2014 15:09:17
Нұрсұлтан Назарбаев саясаткерлердің біріншісі болып экология проблемаларын энергетикамен тығыз байланыстырды, олардың өзара байланысын өзінің екі монографиясында дәлелдеді – «Жаһандық қоғамдастық пен цивилизациялар әріптестігін түбегейлі жаңарту стратегиясы» (2009) және «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» (2011).
15.12.2014 17:55:06
Тұрақты энергетика - экология, әлеуметтік даму және экономиканы байланыстыратын алтын жіп болып табылады.
20.01.2015 11:22:54
Мен "2050 жылға дейін Болашақ Қазақстанның тұрақты энергетикасы " туралы стратегиямен толықтай келісемін. Өйткені бүгінгі таңда энергетика мәселесі жаһандық мәселе болып табылады. егер де осы мәселелерді шешсек, 2050 жылға арналған бағдарламаның көптеген пунктерін орындаймыз. Сонымен қатар алдағы 2017 жылы болатын ЕXPO көрмесі арқылы да энергетика саласын дамытуымызға көптеген мүмкіндіктер бар. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген ғалымдары осы салаға байланысты жобаларын ұсынуда, бұдан біз Қазақстанның энергетика саласының дамуын, ілгері алға басуын көре аламыз. Энергетика саласын әртараптандыру мемлекетіміздің тұрақты дамуына негіз бола отырып, еліміздің экономикасын жаһандық энергетикадағы қандай да бір төңкерістерден сақтандырады.Сондықтан да дәл осы стратегия арқылы еліміздің болшағы үшін кепілідік бере аламыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Жасыл энергетиканы" дамытуға да үлкен үлесін қосып отыр. бұл жоба арқылы біз жасыл энергетика саласының әлемдік деңгейде дамитынына сенеміз.Осы мақала менің көңілімнен шықты, еңбегіңізге рахмет!
20.01.2015 14:06:23
«2050 жылға дейін Болашақ Қазақстанның тұрақты энергетикасы стратегиясы» мен бұл стратегиямен келісемін.2050 жылға дейінгі Қазақстанның болашақ тұрақты энергетикалық стратегиясы тұжырымдамасының жобасын Қазақстан, Ресей, Канада және АҚШ ғалымдары әзірлеген.Тұжырымдама еліміздің «Жасыл экономикаға» көшуі үшін тұрақты энергетика саласында қазақстандық бастамаларды шоғырландыруға бағытталған. Бұл Қазақстанның БҰҰ-ның «Тұрақты энергетика барлығы үшін» бастамасын жүзеге асыруға қосқан үлесі. Тұжырымдаманың жобасы жаһандық энергия экологиялық стратегияның негізінде әзірленді.Бұл жоба еліміздің дамуына зор үлесін қосады.Жоба бойынша еліміздегі энергетика мәселесі шешіледі.Маған бұл мақала ұнады,өте жақсы қозғалған мақала екен.Болашақта бұл жобаға бізде өз үлесімізді қосуға тырысамыз.
23.01.2015 22:27:15
Бір жыл бұрын президентіміз еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен 22 жылда көптеген іс тындырды.. Бұл стратегия әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырды. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады.Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!
24.01.2015 00:12:04
Биылғы Жолдау қазақстандықтарға алдағы уақыттағы бағыт-бағдарын, жоспарын айқындап берген ерекше құжат болды. «Қазақстан – 2030» бағдарламасы да халқымыздың арман-тілегін бір арнаға тоғыстырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуге үндеген болатын. Биылғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы да сондай шамшырағымыз болады деп сенемін. Елбасы бұл Жолдауда экономика, саясатпен қатар рухани құндылықтарға, соның ішінде дін саласына ерекше тоқталып өтті. Әсіресе, былтыр қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңда көрсетілгендей Ислам дінінің Ханафи мәзһабына ерекше мән берілді. Менің ойымша, бұдан былай еліміздегі Ислам дінінің аясы осы бағытта дамып, өркендейді. Сондай-ақ, салт-дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен дәл осы мәзһаб қанатын кеңге жаяды деген ойдамын. Сондықтан бізге әуелі Елбасы атап көрсеткен Ислам дінінің Ханафи мәзһабын кеңінен насихаттауымыз керек. Әрине өзге жат ағымдарды ауыздықтау жұмыстарын да тоқтатпауымыз тиіс. Егер қолға алынған жұмыстар өз уақытында жүзеге асатын болса, ХХІ ғасырдағы еліміздегі мұсылмандар Елбасы айтқан Ханафи мәзһабына, ұлттық салт-дәстүрге берік жамағатқа айналады деп сенемін. Сол кезде біздің бірлігіміз бен ынтымағымыздың іргесі одан әрі беки түсері анық.
19.05.2016 13:03:16
Бүгінгі таңда тұрақты энергетика жаһандық маңызды мәселенің біріне айналды. Ең қуантарлық жайт ЭКСПО-2017-нің арқасында Қазақстан бүкіл адамзат үшін маңызды болып отырған осы мәселені насихаттаушылардың көшбасшысы болып отыр. Болашағымыздың жарқын болуына бәріміз ат салысайық!