Басты бет /

Сессиялар

Институтционалдық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін кәсіби мемлекеттік аппарат

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлкеттік басқару академиясы. Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб. 

Өзектілігі:

Әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінде мемлекеттік қызметті дамыту жаңа тұжырымдамалық әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы іске асырылды, бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын үнемі жақсарта отырып, бюджет шығындарын азайту және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға ұмтылу негізге алынды.  

Мақсаты:

Тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау, мемлекеттік қызметті жетілдіру саласындағы инновациялық шешімдерді іздестіру және қолдану бойынша ұсынымдар әзірлеу. Мемлекеттік қызметті жетілдірудің заманауи әдістерін әзірлеу, енгізу мен қолдану бойынша Қазақстанның және шет елдердің тәжірибесін тұжырымдау. 

Негізгі сұрақтар:

– Қазақстанға сервистік мемлекет тұжырымдамасын енгізу жолдары; – әлемдік тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік қызметтер реинженирингі және оны автоматтандыру; – мемлекеттік аппараттың бизнес-процестерін автоматтандыру; – азаматтарды шешім қабылдау мен мемлекеттік қызметтер ұсыну процесіне қатыстырудың инновациялық тетіктері. 

Өткен ғасырдың соңғы екі онжылдығында жүзеге асырылған жаңа мемлекеттік менеджмент тұжырымдамасы дамыған елдерге мемлекеттік сектордағы үздік корпоративтік тәжірибеге бейімделуге және «аз шығын жұмсап, көп жұмыс атқару керек» қағидатына сәйкес мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта өзгертуге мүмкіндік береді.
Аталған тұжырымдама шеңберінде мемлекеттік органдар атқаратын функциялардың бір бөлігі шарттық негізде жекелеген ұйымдарға және аутсорингке берілген болатын, сонымен қатар нәтижеге бағдарланған бюджеттеу енгізіліп, ынталандырудың монетарлық тәсілі және т.б. кеңінен таралды.
Алайда, бұндай тәсілдер азаматтардың мүддесін толығымен қамти алмады, сондықтан жаңа мыңжылдықтың алғашқы онжылдығында мемлекеттік қызметті реформалауға қатысты сервистік мемлекет тұжырымдамасына негізделген жаңа әдіс-тәсілдер әзірленді.
Бұл модель бойынша мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеті азаматтарға өздерінің заңды мүдделерін қалыптастыру мен жүзеге асыруы үшін көмек көрсету болып табылады. Сервистік мемлекет тұжырымдамасы жаңа сандық технологиялардың дамуына ықпал етті, ол өз кезегінде, азаматтардың шешім қабылдау мен қоғамдық қызметтер ұсыну процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Электрондық үкіметті енгізу ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге, азаматтардың оны талқылауға қатысуына, сондай-ақ үкіметтің азаматтық мониторингіне айтарлықтай ықпал етті.
Сервистік мемлекет моделі жаңа мемлекеттік менеджменттің әдіс-тәсілдерін ауыстыра алмайды, керісінше оларды толықтыра түседі. Осы ретте, елімізде жаңа мемлекеттік менеджменттің де (мысалы, нәтижелер бойынша бюджеттеуді енгізу, нәтижелер бойынша төлем жүйесі, «А» корпусын енгізу), сондай-ақ сервистік мемлекеттің де (мысалы, e-gov және «Азаматтарға арналған үкімет») жекелеген элементтері енгізілгенін айта кеткен жөн. 
Кәсіби мемлекеттік аппараты құру жөніндегі бірінші институционалдық реформаны жүзеге асыру шеңберінде бірқатар заңдар, атап айтқанда мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ақпаратқа қолжетімділік, қоғамдық кеңестер туралы, сондай-ақ заңға тәуелді актілер қабылданды. Осылайша, халықаралық үздік тәжірибе мен ұлттық ерекшелікті ескере отырып, алдағы уақытта мемлекеттік қызметті өзгертудің негізі қаланды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметін жүйелі жетілдіріп отыру қазіргі заманғы технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануды қажет етеді.
Астана экономикалық форумы шеңберіндегі Жаһандық конференцияның жыл сайын өткізілетін пікірталас алаңында мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдірудің инновациялық әдістері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және азаматтарды шешім қабылдау процесіне кеңінен қатыстыру мәселесі конструктивті түрде талқыланатын болады.

 

Timeline

08.10.2014 01:12:53
Мемлекеттік қызметтегі этикалық бақылау мен меритократия қағидаттарын қолдану бойынша тәжірибе алмасу, мәселелерді талқылау және ұсынымдар әзірлеу мен мемлекеттік қызметшілердің қызметін этикалық бақылау жүйесін әзірлеу, енгізу және пайдалану бойынша Қазақстан мен шет елдердің тәжірибесін жалпылау мәселелері жаксы қаралған. Конференция шеңберінде талқыланатын мәселелер өңір елдері үшін аса маңызды саналады. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік қызметтегі этикалық бақылау мен меритократия қағидаттарын енгізуге қатысты мәселелер болып табылады.
11.02.2015 09:34:41
Академия ректоры Б. Абдрасилов 2014 жылдың 3 қазанында орнықты даму мен экологиялық өркениет мәселелері талқыға түскен, Бакудегі IV халықаралық гуманитарлық форумы жұмысына қатысты. Форум жұмысы шеңберінде Әзірбайжан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Урхан Алакбаровпен, Украина Президентінің жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару академиясының президенті Юрий Ковбасюкпен, Түркия және Таяу Шығыс Мемлекеттік басқару институтының (TODAIE) бас директоры Онур Эндер Асланмен кездесулер және келіссөздер өтті. http://www.pa-academy.kz/
11.02.2015 09:39:26
2014 жылдың 3 қазанында Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында Астана қаласындағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб Басқарушы Комитеті ұйымдастырған «Мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсету» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б. Абдрасилов қатысты/ http://www.pa-academy.kz/
11.02.2015 09:40:11
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Этносаралық қатынастар және этносаясат саласында жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу технологиясы» тақырыбында екі күндік әдістемелік семинар-тренинг басталды. http://www.pa-academy.kz/
11.02.2015 09:41:38
2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері үшін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» атты семинар өтті. Семинарға облыстық маңызы бар қалалар мен Астана және Алматы қалаларының аудан әкімдері қатысқан. http://www.pa-academy.kz/
11.02.2015 09:45:32
2014 жылдың 8 қазанында Ереванда «Тұрақты даму мақсатында басқарушылық әлеуетті дамыту» атты үш күндік семинар жұмысы басталды. Семинар ұйымдастырушылары – БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті, БҰҰ Даму бағдарламасы, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб, Армения Мемлекеттік университеті, сондай-ақ Армениядағы Америка университеті. Семинардың салтанатты ашылуына Армения Үкіметі аппаратының министр-басшысы, Армения Республикасындағы БҰҰ резидент-үйлестірушісі, Азиялық мемлекеттік басқару қауымдастығының (AAPA) президенті, Өңірлік хаб өкілі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Ш.А. Есімова қатысты. www.pa-academy.kz
11.02.2015 09:48:16
2014 жылдың 6 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша жаңа халықаралық білім беру жобасы бастау алды. http://www.pa-academy.kz/
23.02.2015 16:05:53
Қазанның 16-сына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Қытайдың Қазіргі халықаралық қатынастар академиясының (ҚҚХҚА) вице-президенті Фу Мэнцзыдың басшылығымен делегация құрамы келді. http://pa-academy.kz
23.02.2015 16:06:26
2014 жылдың 16–17 қазаны аралығында Душанбе қаласында Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару институтында «Тәжікстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы» атты екі күндік ғылыми-практикалық конференция болып өтті. http://pa-academy.kz
23.02.2015 16:07:34
2014 жылдың 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Технологиялық даму және инновациялар: Оңтүстік Корея тәжірибесі» атты үшкүндік семинар басталды. http://pa-academy.kz
23.02.2015 16:08:15
2014 жылдың 20 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асырудың негізгі аспектілері» атты үшкүндік семинар басталды http://pa-academy.kz
23.02.2015 16:08:39
2014 жылғы 22 қазанда Көкшетау қаласында Ф. Эберт атындағы Қордың, «Қоғамдық пікір» Зерттеу институтының және «Көкше» Академиясы Бейбітшілік, қақтығыс және медиация институтының қолдауымен ұйымдастырылған «Мемлекеттік этносаясат: «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыру аясындағы міндеттері, әдістемесі, технологиялары» атты өңірлік семинар-тренинг басталды. http://pa-academy.kz
23.02.2015 16:09:00
2014 жылдың 21 қазанында облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері орынбасарларына арналған «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асырудың негізгі аспектілері» тақырыбындағы 3 күндік семинар шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Р. Әбдірахымовтың төрағалығымен ҚР Инвестициялар және даму министрі А.О. Исекешев пен Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың қатысуымен жиын өткізілді. http://pa-academy.kz
23.02.2015 16:10:57
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2014 жылдың қазан айының 25-сіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Академияның құрметті профессоры Г.Н. Әбдіқалықованың «Қазақстан Республикасындағы адам капиталының дамуы» тақырыбында қонақ дәрісі болып өтті. http://pa-academy.kz
23.02.2015 16:12:28
2014 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің оқу бағдарламасы шеңберінде профессор Кристен Гастинелдің (Франция) жүргізумен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл контекстіндегі коммуникативтік әдістер» тақырыбында бес күндік біліктілікті арттыру курстары басталды. http://pa-academy.kz
23.02.2015 16:13:32
29.10.2014 күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б. Абдрасилов TIKA-ның Орталық Азия және Кавказ елдерінің білім беру жобалары бойынша департаментінің директоры Али Озгюн Озтюркпен, сондай-ақ TIKA-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Мехмет Бодурмен кездесті. http://pa-academy.kz
23.02.2015 16:15:26
03.11.2014 күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: халықаралық тәжірибе және Қазақстанда бейімделу мүмкіндіктері» тақырыбындағы семинар басталды. http://pa-academy.kz
23.02.2015 16:16:01
2014 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесіп «МЖӘ жобалары арқылы инфрақұрылымға жеке инвестицияларды тарту» тақырыбында форум өткізеді. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:06:08
06.11.2014 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасиловтың «Қазақстан» Республикалық теле-радио корпорациясына қарасты «АСТАНА» радиосының «КӨКЖИЕК» бағдарламасына берген сұхбаты http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:07:00
17.11.2014 Қазақстан Республикасы Президенті жаныңдағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері: қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл» атты семинар басталды. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:08:51
2014 жылдың 18 қарашасында Халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты тереңдету және еуропалық жетекші елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатты қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілерді оқыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы тәжірибесін зерделеу мақсатында 2014 жылдың 10–15 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б. Абдрасилов Еуропаның бірқатар елдеріне іссапармен барды. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:09:33
2014 жылғы 19–21 қарашасы аралығында Баку қаласында (Әзербайжан) Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қатысушылары Ассамблеясының үшінші сессиясы өтіп жатыр, оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.С.Абдрасиловтың басшылығымен қазақстандық делегация қатысуда. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:10:27
2014 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қоғамдағы әлеуметтік шиеленістердің алдын алу» тақырыбында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар басталды. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:11:02
26.11.2014 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің «Елбасы: қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы және «Қазіргі ділдік жағдайдағы этностылық және конфессионалдылық: әдіснама және зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми семинар болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:11:51
27.11.2014 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, танымал қоғам қайраткері, «Жасыл экономика» үшін және G-Global-ды дамыту коалициясы» Президиумының төрағасы Соловьева Айгүл Сағадибекқызының басқаруымен Коалиция делегациясы жұмыс сапарымен келді. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:12:16
2014 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ғылыми-әдістемелік кеңесінің (ҒӘК) мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту жөніндегі ғылыми-әдістемелік ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу мәселелеріне арналған ІІІ мәжілісі болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:13:12
2014 жылы желтоқсанның 3-іне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ректор Б. С. Абдрасилов пен Италияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян мырзаның кездесуі болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:14:20
4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ректор Б.С. Абдрасилов пен Транспаренттік және адам құқықтары академиясының директоры (Грекия), Еуропалық жария құқық ұйымы заң комитетінің мүшесі Иоаннис Каркалистің кездесуі болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:14:53
2014 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Академияның магистранттары мен докторанттарының бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар форумы өтеді. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:15:38
09.12.2014 2003 жылы жоғары деңгейдегі Саяси конференцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясына қол қою ашық болды. БҰҰ-ның бастамасымен осы күні, 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:16:14
11.12.2014 «24 kz» телеарнасының «Парадный вход» бағдарламасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:16:37
Жыл сайын 18 желтоқсан күні Бас Ассамблеяның шешімімен 2000 жылдан бастап Халықаралық мигранттар күні мерекеленеді. Бүгін осы атаулы күнге орай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Халықаралық көші-қон ұйымымен (ХКҰ) бірлесіп ұйымдастырылған, адам құқықтары мен мигранттардың негізгі бостандықтарына арналған дөңгелек үстел болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:17:22
19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Дьюк Университетінің Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінің (АҚШ) профессорлары Тамм Джозеф және Курт Милетскиймен кездесу болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:18:18
19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ректор Болатбек Абдрасилов пен Канаданың Мемлекеттік қызметті жетілдіру институтының президенті Брайан Марсон мырзаның кездесуі болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:19:04
2015 жылдың 7 қаңтарында Уппсала университетінде (Швеция, Уппсала қаласы) «Ішкі және мемлекетаралық деңгейлердегі этносаралық ынтымақтастық» тақырыбында үш күндік халықаралық конференция жұмысы басталады. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:19:46
8 қаңтарда Уппсала университетінде (Швеция, Уппсала қаласы) «Ішкі және мемлекетаралық деңгейлердегі этносаралық ынтымақтастық» тақырыбындағы үш күндік халықаралық конференция жұмысы басталды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Уппсала университетімен, Азшылық мәселелері жөніндегі Еуропа орталығымен бірлесіп дайындалған конференцияның тең ұйымдастырушыларының бірі болып табылады. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:20:08
2015 жылдың 8–9 қаңтарында Сиан университетінде (Қытай) «Реформалар, инновациялар және орнықты даму: зерттеулер, теория және оларды Азияда қолдану» тақырыбында конференция болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:20:37
Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында және «Қазақстан – 2050» Стратегиясында жүктелген міндеттерді тиімді іске асыру мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық құзыреттерін дамытуды талап етеді. 2015 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша кадрлар даярлауды жетілдіру мәселелеріне арналған Ғылыми-әдістемелік кеңестің (ҒӘК) IV мәжілісі болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:21:41
2015 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Академия ректоры Б. С. Абдрасилов пен «СОВНЕТ» Ресейдің жобаларды басқару ассоциациясының президенті Алексей Полковниковтің кездесуі болып өтті. Әңгімелесу барысында тараптар жобалар мен бағдарламаларды басқару саласында жоғары білікті мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша ынтымақтастықты нығайту әрі дамыту мәселелерін талқылады және Академия мен «СОВНЕТ» Ресейдің жобаларды басқару ассоциациясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:22:04
2015 жылғы 16 қаңтар мен 19 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курстары жүргізіледі. Оқу барысында мемлекеттік қызметшілер қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы кәсіби, басқарушылық және тұлғалық құзыреттерін тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін білім алады. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:22:38
20 қаңтарда «Астана online» бағдарламасындағы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы туралы сюжеті мен Академия ректоры Б.С.Абдрасиловтың эксклюзивті сұхбаты, «БІЛІМ мен Мәдениет» ТА. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:24:37
22 қаңтардың Астана қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел болып өтті. Аталған шараға Парламент депутаттары, бірқатар облыстардың әкімдері, Президент Әкімшілігінің,Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, министрліктердің жауапты хатшылары мен аймақтар әкімдерінің аппарат басшылары қатысты. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:25:02
2015 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, саясаттану ғылымдарының докторы Бұрханов Камал Низамұлымен кездесу болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:25:30
2015 жылдың 19 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негіздері, қағидаттары мен даму келешегі» тақырыбында мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы өткізілуде. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:25:59
30.01.2015 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы туралы сюжет, Академия ректоры Б.С. Абдрасиловтың «Ақылды қала» бағдарламасына берген эксклюзивті сұхбатымен бірге. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:26:32
03.02.2015 Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясат ғылымдарының докторы, профессор Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы мен Астана қаласындағы «Оберег» украиндар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ширмер Тамара Викторовнаның «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тарихы» тақырыбындағы қонақ дәрісі-презентациясы болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:27:12
11 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және ЕҚЫҰ Бағдарламасының Астанадағы офисінің қолдауымен «Адам саудасы: жәбірленушілердің құқықтарын сотта қорғау» тақырыбындағы екі күндік тренинг басталды http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:27:34
2015 жылдың 5 ақпанында Назарбаев университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры А. П. Абуовтың және Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры А. А. Башмаковтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған қонақ дәрісі-презентациясы болып өтті http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:28:17
11 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің зайыбы Малька Штайермен кездесу болып өтті. http://pa-academy.kz
25.02.2015 12:28:47
16 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесімен бірлесе отырып, жас ғалымдардың арасында этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстардың республикалық байқауын өткізеді. http://pa-academy.kz

Беттер

Бұл сессияда әзірге жарияланым жоқ