Басты бет /

Сессиялар

Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Боао азиялық форумының хатшылығы, G-Global халықаралық хатшылығы 

Өзектілігі:

Еуропа, Азия және Таяу Шығыстың үкімет пен бизнес өкілдерін біріктіруге шақыратын Жібек жолы елдерінің форумы Астана экономикалық форумының негізгі іс-шараларының бірі болып саналады. Форумда болашақта бүкіл аймақтың даму траекториясын анықтайтын, тарихи бағыт бойында орналасқан елдер ынтымақтастығының айрықша өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда. 

Мақсаты:

 

Негізгі сұрақтар:

 

Еуропа, Азия және Таяу Шығыстың үкімет пен бизнес өкілдерін біріктіруге шақыратын  Жібек жолы елдерінің форумы Астана экономикалық форумының негізгі іс-шараларының бірі болып саналады.  Форумда болашақта бүкіл аймақтың даму траекториясын анықтайтын, тарихи бағыт бойында орналасқан елдер ынтымақтастығының айрықша өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Еуразияны дамытудың екі геосаяси жобасы саналатын Жібек жолының Экономикалық белбеуі мен Еуразиялық экономикалық интеграцияны ұштастырудың мәселелері мен перспективалары. Аймақ үшін жаңа экономикалық шынайылықты қалыптастыруда жоғары әлеуетке иелік ететін бұл бастамаларда аймақ елдерінің келісілген және тиімді даму стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік беретін ортақ бағыттар мен жанасу, ұштастыру нүктелері бар.
Сондай-ақ, энергетикалық қауымдастықтың мәселелері, әсіресе, әлем бойынша өзекті саналатын әлемдік энергетика мен табиғи ресурстар саласында орын алған тұрлаусыздық мәселесі қозғалады.
Сонымен қатар, Форумның жеке сессиялары аймақтың инфрақұрылымдық дамуы, экономикалық ынтымақтастық және сауда және бірлескен дамудың ортақ жобаларын іске асыру шеңберінде өндірістік қуаттылықты арттыру мәселелеріне арналады.
Форумның бірегейлігі оның өзектілігі мен дәл уақытында өтетіндігінде. Аймақ әлеуетін нығайту тұрғысынан үлкен өзектілікке ие болып келе жатқан әлемдік қауымдастықтың Жібек жолын жаңғырту жобаларына артушы қызығушылығы іс-шараға айрықша мәртебе береді.
Алдағы Форум Азияның үкімет өкілдерін, іскерлік және ғылыми топтарын және Азия мен әлемнің экономикалық серпіні жөніндегі мәселелерді талқылау үшін өзге де құрлықтар өкілдерін біріктіретін халықаралық форум – Азия елдерінің Боао Форумының тікелей қатысуы және серіктестігімен өткізіледі.

 

Timeline

23.11.2014 08:53:51
ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлардың 25-ші жалпы отырысында Н. Назарбаев оны былайша таратып айтты: «Қазақстан өзінің тарихи ролін қалпына келтіріп, Еуропа мен Азияның арасындағы өзіндік көпір ретінде Орта Азиядағы ірі іскерлік транзиттік хабына айналуы тиіс... Бұл өз кезегінде Қазақстанның халықаралық дәрежедегі сауда-көлік, қаржылық-іскерлік, инновациялық –технологиялық және туристік маңызды транзиттік дәліз қалыптастырады», «Бұл мегажобаны жүзеге асыру арқылы 2020 жылы Қазақстан арқылы транзиттік жүк айналымы екі есеге артып болашақта оны жылына шамамен 50 млн. тоннаға жеткізуге болады». Қазақстанға қыркүйектің 6-8 күндері мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин «Жібек жолы» аймағында 3 (үш) млрд. адам тұратындығын, жергілікті аймақтық рынок ауқымы мен әлеуеті жөнінен ғажайып екендігін атап өтті. Ол тараптардың сауда инвестициялық қарым қатынаста кедергілерді барынша азайтуға шақырды. Сондай-ақ, Қытай мен Қазақстан арасында «Жібек жолы экономикалық дәлізін» құру қажеттігін атап өтті.Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағы Қазақстанның көліктік логистикасын одан әрі қарай дамыту мақсатында барлық көлік түрлерін біріктіру үшін құрылды. Ол үшін атқарушы органдар мен мемлекеттік құқықтық органдармен Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы, Еуразиялық экономикалық комиссиясы, халықаралық ұйымдар мен бизнес құрылымдарының арасында өзара қарым қатынасты үйлестірудің қолайлы ахуалы бар. Одақ көлік логистикасын дамытуды қоғамдық үйлестіруші және «Қазақстан –Жаңа Жібек Жолы» стратегиялық жобасын жүзеге асырушы ролін атқарады. «Жаңа Жібек Жолы» жобасын халықаралық сарапшылардың талқылауын ұйымдастыру және танымалдылығын арттыру, белсенді жүзеге асыру және «Жаңа Жібек Жолы» жобасын жүзеге асыру шаралары Жоспарын орындау мақсатында Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының Бас директоры Е. С. Есқалиев пен «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті М. Р. Қарымсақов өзара түсіністік пен серіктестік туралы Меморандумға қол қойды. «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы G-Global жобасын және жылма –жыл өткізілетін Астана экономикалық форумының Бас үйлестірушісі болып табылады. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруда оның ішінде Қазақстан Республикасының G-Global стратегиялық жобасын, Жаңа Жібек Жолы, EXPO-2017, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы инновациялық жаңа технологияларды өндіріске енгізуге, инновациялық, ғылыми-зерттеу, білім беру және ұйымдастыру мәселелерінде ортақ іске жұмылуға уағдаласты.
19.05.2016 13:09:35
Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта 0олға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. Оған Грекия, Португалия, Египет, Италия, Қытай, Индонезия, Моңғолия, Оман, Шри Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта, жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді. Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен
Бұл сессияда әзірге жарияланым жоқ